Акимат города Балхаш Официальный сайт
poisk

Биография руководителя

Шакенов Избасар Умыржанович 1963 жылы 9 қыркүйек күні Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келдім. 1980 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Балхаш педогогикалық училищесіне түсіп, 1982 жылы дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірдім. Сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтына түсіп 1988 жылы аталған институтты тәмамдап, дене шынықтыру және спорт мамандығын алдым.Еңбек жолына 1986 жылы Приозерный ауданында білім бөлімінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жаттықтырушы болып бастадым. 1993 жылы Тоқырауын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалдым.1997 жылыТоқырауын ауданы жабылғаннан кейін өз еркімен жұмыстан босатылдым. 1997-1999 жылдары «балхаш мыс зауыты» Ө.Б.де әскери күзеттің инспекторы , караул бастығы болып жұмыс істедім.Келісім-шарт аяқталғаннан кейін өз еркімен жұмыстан шықтым.
         1999-2001 жылдары Балқаш станциясы №24 мектепте, Балқаш қаласының №7 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істедім. 2001 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық мамандандырылған «Дәулет» күрес түрлері спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс атқардым.
2004 жылы өз еркіммен жұмыстан босадым. 2004-2015 жылдары арасында «Балқаш қаласының туризм және спорт бөлімі»ММ-нің бастығы, «Білім және спорт бөлімі» ММ-де бас маман, «Спорт бөлімі» ММ-нің меңгерушісі, «Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де спорт секторы меңгерушісі қызметтерін атқардым.
        Бүгінгі күні «балқаш қаласының дене шынықтыру және спор бөлімі» ММ башысы болып қызмет етемін. Үйленгенмін, 3 бала тәрбиелеймін. Әйелім: Шакенова Қымбат Арыстановна «оқушылар сарайында» КМКҚ тәрбиеші, қызым: Шакенова Жанар 1991 ж.т.тұрмыста, ұлым: Шакенов Қамбар, 1993 ж.т. Қарағнады политехникалық институтын тәмамдады. Кіші ұлым: Шакенов Ернар 1999 ж.т. Балқаш көпсалалы колледж II курс студенті.
        1983-1985 жылдары Совет армиясының қатарында болдым.
        Мекен-жай: Қарағанды облысы Балқаш қаласы Мұхамеджанов мөлтек-ауданы, 34 үй, 43 пәтер.


Дата редактирования: 24 Ноября 2017

Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»
На главную
Назад
Вверх