Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Қала көшелері

Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының деректі мәліметтерінде №3 «Балқаш қалалық депутаттар Кеңесі», №150 «Балқаш қаласының әкімі», №262 «Балқаш қалалық мәслихаты» қорларында Балқаш қаласының көшелері, шағын аудандары және тұйық көшелері атауын өзгерту туралы  деректер бар.

Қалалық халықтар депутаты Кеңесінің 1993 жылғы 5 мамырдағы №50/22 қаулысына сәйкес Қазанның 50-жылдығы көшесі Желтоқсан көшесі, М. Горьков атындағы көше - Қараменде би көше, А. Матросов атындағы көше - Ағыбай батыр атындағы көше, Чапаев атындағы көше - Әлихан Бөкейханов атындағы көше, Киров атындағы көше - Сәкен Сейфуллин атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қалалық әкімшілік басшысының 1995 жылғы 12 қыркүйектегі №274/09 қаулысына сәйкес Фрунзе атындағы көше - Мағрипа Қазбекова атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қаласы әкімінің 1996 жылғы 23 ақпандағы №65/02 шешіміне сәйкес А. Гайдар атындағы көше - Қали Томпиев атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қалалық мәслихаттың 1998 жылғы 4 наурыздағы №20/228 шешіміне сәйкес Құрылысшылар көшесі - Ағайынды Мусиндар атындағы көше, Комсомол көшесі - Әубәкір Әлімжанов атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қалалық мәслихаттың 1998 жылғы 16 қыркүйектегі №22/254 шешіміне сәйкес 32-ші орам - Күміспек Сыбанқұлов атындағы орам болып өзгертіледі.

Балқаш қалалық мәслихаттың 1998 жылғы 16 қыркүйектегі №22/255 шешіміне сәйкес 40-лет Казправды көшесі - Василий Иванович Язев атындағы көше болып өзгертілді.

Қалалық мәслихаттың 1999 жылғы 2 маусымдағы ХХVI сессияны өткізу хаттамасына сәйкес «А» тұрғын үй шағын ауданына - Қаныш Имантайұлы Сатпаев, «Б» тұрғын үй шағын ауданына - Михаил Петрович Русаков аты беріледі.

Балқаш қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 19 қаңтардағы №3/31 шешіміне сәйкес Солтүстік көше - Сарыарқа көшесі, Құйбышев тұйық көшесі - Олег Щербаков атындағы тұйық көше, Жданов тұйық көшесі - Зәкір Асфандьяров атындағы тұйық көше, Крупская тұйық көшесі - Мәншүк Мәметова атындағы тұйық көше, Ульянов тұйық көшесі - Хасен Бижанұлы атындағы тұйық көше, Садовый 1 тұйық көшесі - Нарманбет Орманбетұлы атындағы тұйық көше, Садовый 2 тұйық көшесі - Ахметжан Сармантайұлы атындағы тұйық көше, Больничный тұйық көшесі - Николай Подсадник атындағы тұйық көше, Оңтүстік тұйық көшесі - Петр Миллер атындағы тұйық көше, №1 тұрғын үй шағын ауданы - Злиха Сабитова  атындағы шағын аудан, №2 тұрғын үй шағын ауданы - Садық Мұхамеджанов атындағы шағын аудан болып өзгертіледі.

Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 26 сәуірдегі №32/307 шешіміне сәйкес Кеңестік көшесі - Жексембек Сарсембаев атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қаласы әкімдігінің және Балқаш қалалық мәслихаттың  2007 жылғы 21 ақпандағы № 55/31, № 40/392 бірлескен шешіміне сәйкес октябрь  көшесі - Төлеуқадыр Тоқтамысов атындағы көше болып өзгертіледі.

Балқаш қаласы әкімдігінің және Балқаш қалалық мәслихаттың  2007 жылғы 21 ақпандағы № 06/29, № 46/445 бірлескен шешіміне сәйкес төртінші тұрғын үй шағын ауданы - «Самал» шағын ауданы болып өзгертіледі. 

 
 

Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх