Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН САЙЛАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты 2016 жылдың 12 ақпанынан бастапБалқаш қаласының Қоғамдық кеңес құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдайды.  
Көрсетілген мерзімде коммерциялық емес ұйымдар қала мәслихатына Қоғамдық кеңеске кандидатураларды ұсыну жөніндегі ұсынысты және (немесе) азаматтың өтінішін жазбаша түрде жолдайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10-күндік мерзімде.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне  кандидаттарға қойылатын талаптар («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10 бабы):Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат сотталғандығы болмауы; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар:100300 Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 3, №219 каб.мекенжайы бойынша орналасқан Балқаш қалалық мәслихат аппаратында күн сайын қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 4-02-34,balgormaslikhat@mail.ru  
Балқаш қалалық мәслихат хатшысының
№7 өкімі 09 ақпан 2016 жыл
Жұмыс тобының құрамын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жұмыс тобы келесі құрамда бекітілсін:
1.     Рахимберлина Қарлығаш Тишбековна
2.     Жаксылыкова Саягуль Жаксылыковна
3.     Исбекова Айгерим Ауезовна
4.     Аларин Александр Олегович
5.     Айтжанова Асем Бекеновна
6.     Бейсембаев Шиликбай Кусаинович
7.      Денисова Людмила Ивановна
8.     Мухамедиев Бауыржан Мейрханұлы
9.     Хазбулатова Надежда Александровна

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты 2016 жылдың 26 қаңтарынан бастап Балқаш қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдайды.
Көрсетілген мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар қала мәслихатына Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде жолдайды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10-күндік мерзімде.
Жұмыс тобының мүшелігіне  кандидаттарға қойылатын талаптар («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10 бабы):Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған және Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат бола алады.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат сотталғандығы болмауы:сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар:100300 Балқаш қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 3, №219 каб.мекенжайы бойынша орналасқан Балқаш қалалық мәслихат аппаратында (сенбі және жексенбі күндерінен басқа), күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 4-02-34


Дата редактирования: 19 Қыркүйек 2019

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх