Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күнде ұсынылып отырған жәрдемақының үш түрін, атап айтқанда: көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылған үй шаруашылықтарына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің орнына ұсынылатын болады.

Әлеуметтік төлемдерді бірыңғай әлеуметтік жәрдемақыға трансформациялау:

әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығын арттыру;

әлеуметтік қолдауды ең мұқтаждар санаттарына көрсету;

ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың аз қамтылған отбасылар үшін тиімділігін арттыру;

әлеуметтік көмек алушылар арасында масылдықтың алдын алу үшін қажет.

Ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әрбір жұмысқа қабілетті азаматқа, үкімет тарапынан оқыту және мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу (ұлғайту) үшін несие алуға қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік төлемдерді бірыңғай әлеуметтік жәрдемақыға трансформациялау

АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ(АМЖ)

4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар көп балалы отбасылар

(бүгінде -9440 теңге, отбасы табысы есепке алынбайды)

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК (АӘК)

(қазіргі шекті деңгей

ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы (облыс бойынша – 22636 теңге) және 2017 жылғы 3тоқсанға кедейлік шегі -9054 теңге);

МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАЛАР ЖӘРДЕМАҚЫСЫ (МЖБ)

18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРЫ БАР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА

(Егерде отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болса (2017 жылдың 3 тоқсаны - 13582 теңге), онда мемлекет 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 2383 теңгеден төлейді)

 

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК -БІРЫҢҒАЙ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

ШАРТСЫЗ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК – құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Ұсынудың бірыңғай белгісі - ең төменгікүнкөріс шегінен50%

ШАРТТЫ АТАУЛЫ КӨМЕК - құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.

 

1 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті есептеу мысалы:Отбасы құрамы – 6 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті - 2 адам (әкесі – жұмыс істейді, анасы – 3 жасқа дейінгі бала күтімімен), 4 бала- 18 жасқа толмаған; 2017 жылдың 4 тоқсанына отбасының жан басына шаққандағы табысы- 53972тг (АМЖ - 9440тг., МБЖ - 9532тг., әрбір балаға 2383 теңге есебімен, әкесінің еңбекақысы -35000тг)Табыстың орташа мөлшері 1 адамға - 8995теңге (53972/6), немесе 2017 жылғы орташа жылдық кедейлік шегінің шекті деңгейінен артық (ең төмен күнкөріс деңгейінен 40% - 8559 теңге); 2018 жылға күнкөріс деңгейінің орташа жылдық мөлшері (оның құрылымы мен мөлшерін қайта қарау есебімен) – 28862 теңге;Жаңа форматтағы АӘК үлесі - 2018 жылғы күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 50%- 14431 теңге (28862*50%)Жаңа форматтағы АӘК мөлшері отбасының әрбір мүшесіне (адамға) жан басына шаққандағы табысы және облыста белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы (2018ж. болжамы- 14431 теңге) арасындағы айырма ретінде айқындалады.Әлеуметтік жәрдемақының сомасы айына қайта өзгерткенге дейін – 18972 теңге (9440тг.АМЖ+9532тг.МБЖ) Жаңа форматтағы АӘК сомасы айына – 32616 теңге (8995тг - 14431тг.)*6адам); Қайта өзгерткеннен кейін, жаңа форматтағы АӘК мөлшері алынған жәрдемақының сомасынан 1,7 рет немесе 13644 теңгеге асып тұр (32616тг.-18972тг).Жоғарыда көрсетілгендей, 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек отбасының құрамы және табысына байланысты жіктелетін болады. Бұл дегеніміз - атаулы әлеуметтік көмек әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға көрсетілетін болады (оның құрылымы мен мөлшерін қайта қарау есебімен).Анықтама және түсіндірме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ: Уалиханов көшесі 5, №3,7 кабинеттер, телефон 8(71036)44061 хабарласа аласыздар.

 


Дата редактирования: 08 Желтоқсан 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх