Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, Балқаш қаласының аумағында тұрақты тұратын оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2) көрсетілетін қызметті беруші («Балқаш қаласының жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ);
3) ауылдық округ әкімі;
4) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)өтініш;
2)көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
            Анықтама және түсініктеме алу үшін «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуыңызға болады.
Мекенжай: Уалиханов көшесі, 5, І-қабат,  №7 кабинет, телефон/факс: 8(71036)44061, электронды пошта:  blh_ozs@mail.гu.
Жұмыс кестесі: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiнен басқа,   сағат 13.00 бастап 14.30 дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын 9.00 бастап 18.30 дейiн.


Дата редактирования: 15 Қазан 2019

Ауа райы

11°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.62
Euro 429.98
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх