Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Тұрғын үй көмегін алу құқығы туралы

Тұрғын үй көмегі  Балқаш қаласында және іргелес кенттерде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады.
Отбасының тұрғын үй көмегін алу  құқығын анықтау үшін басты негіз отбасының жиынтық табысы және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары болып табылады (тариф немесе есептеу құралдарының көрсеткіші бойынша).
Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде, коммуналдық қызметтерді пайдалану шығындарының төлеу сомасымен белгіленген отбасының  аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Көмек тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап бір жылға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегі отбасының табысы, қолданыстағы тұрғын үйдің ауданы және нақты коммуналдық қызметтерді тұтынуға байланысты әрбір отбасыға жеке есептелінеді, сонымен бірге отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалар шегінде есепке алынады:
• көп бөлмелі пәтерлерде  жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды (бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін);
• отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловаттан артық болмауы тиіс;
• коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, эксплуатациялық қызметтер, қоқыс шығару)  басқару нысанына байланыссыз қызметтерді жеткізушілермен бекіткен тарифтердің негізінде немесе есептеу құралдарының  көрсеткіші бойынша белгіленеді;
• телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді.
Тұрғын үй көмегінің есебін түсіну үшін бекітілген тарифтер бойынша бірнеше мысалдарды қарастырайық:


1 мысал.
Жалғыз тұратын азаматтар өтініш білдіргенде:
Жалпы көлемі 31,10 ш.м. бір бөлмелі пәтер. Зейнетақы мөлшері 45711 теңге.Нақты тіркелген және тұрып жатқан бір адам.
1.Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 45711тг*8%=3656,88 тг құрайды.
2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының әлеуметтік нормалар шегінде 7619.81 тг құрайды, оның ішінде:
2.1.Жылыту жүйесі - 93,21*31,10=2898,83тг
2.2.Ыстық су  – 477,61тг
2.3.Су суық – 538,30 тг
2.4.Кәріз – 249,15тг
2.5.Электроэнергия - 14,50 тенге * 107 квт. = 1551,50тг
2.6.Эксплуатациялық қызметтер – 37,00 тг*31,10=1150,70тг
2.7.Қоқыс шығару - 114,33 тг
2.8.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг
Тұрғын үй көмегінің сомасы  3962,93 тг = 7619,81-3656,88 құрады.
2 мысал.
Көп балалы отбасы өтініш білдіргенде: 
  Жалпы көлемі 49,2 ш.м. үш бөлмелі пәтер. Отбасының жиынтық табысының мөлшері 84005 теңге (мүгедектік бойынша- 25423тг.,арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 9440 тг., еңбек ақы – 49142) .Нақты тіркелген және тұрып жатқан алты  адам.
           1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 84005тг*8%= 6720,40 тг  құрайды.
            2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары әлеуметтік нормалар шегінде  18947.06 тг құрайды оның ішінде:
2.1.Жылыту жүйесі - 93,21*49,2=4585,93тг
2.2.Ыстық су  – 477,61тг*6=2865,66тг
2.3.Су суық – 538,30 тг*6=3229,80
2.4.Кәріз – 249,15тг*6=1494,90
2.5.Электроэнергия - 14,50 тенге * 250квт. = 3625,00тг
2.6.Эксплуатациялық қызметтер – 37,00 тг*49,2=1820,40тг
2.7.Қоқыс шығару - 114,33 тенге*6=685,98 тг
2.8.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг
         Тұрғын үй көмегінің сомасы 12226.66 тг = 18947,06-6720,40 құрады.
3 мысал.
Пешпен жылытылатын үйлерде тұратын азаматтар өтініш білдіргенде (жылу беру мерзіміне):
Пешпен жылытылатын тұрғын үй (жалпы ауданы 58,5 ш.м.). Отбасының жиынтық табысының мөлшері 94590 теңге (мемлекеттік жәрдемақы- 85150 тг.,арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 9440 тг.) .Нақты тіркелген және тұрып жатқан жеті  адам.
1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге айлық жиынтық табыстың үлесі 94590тг*8%= 7567,20 тг  құрайды.
2.Отбасының коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары әлеуметтік нормалар шегінде  27784,18 тг құрайды оның ішінде:
2.1.Норматив бойынша қатты отын - 18837тг
2.2.Суық су– 538,30 тг*7=3768,10тг
2.3.Электроэнергия - 14,50 тенге * 250квт. = 3625,00тг
2.4.Қоқыс шығару – 130,67 тенге*7=914,69 тг
2.5.Телефон үшін абоненттік төлем – 639,39 тг
Тұрғын үй көмегінің сомасы  20216,98 тг = 27784,18тг-7567,20тг  құрады.

1 шаршы метр алаңға қатты отынды тұтыну мөлшері:
- 1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 161 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 98 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);
- 1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 125 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).


Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ алуға болады: Уалиханов көшесі,  5, №3 кабинет, телефон 8(71036)44061, демалыс (сенбі, жексенбі ) күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
 


 


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх