Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің                   «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарды қолдау мен әлеуметтік мәселелерді шешудің жарқын үлгісі болып табылатын халықтың әл-ауқатының жақсаруы, экономиканың нығаюы жөніндегі міндеттерді айқындады.  Жетінші басымды міндет: Адами капитал – жаңғыру негізі, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысының жаңа әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтармен, олардың жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысқан жағдайында, әлеуметтік келісімшарт жасасу және шарттылық қағидаттарына негізделген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді. Ал, еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілетін болады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК), жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен  аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) беріледі.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жағдайға есептеу арқылы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% мөлшерінде айқындалған (2018ж. шейін – 40%).
Қарағанды облысы бойынша  кедейлік шегі:
•    1 тоқсан 2018ж.- 11471 теңге (22941 теңгенің 50%);
•    2 тоқсан 2018ж.- 12422 теңге (24844 теңгенің 50%) құрайды.
Отбасына  АӘК  мөлшері  жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыста белгіленген кедейлік шегінің айырмасы түрінде, отбасының әрбір мүшесіне есептелінеді.

1 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті есептеу мысалы:
•    Отбасы құрамы – 6 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті - 2 адам (әкесі – жұмыс істейді, анасы – 7 жасқа дейінгі бала күтімімен), 4 бала- 18 жасқа толмаған;
•    2018 жылдың 1 тоқсанындағы отбасының орташа айлық табысы- 45005 теңге (арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 10005тг., әкесінің еңбекақысы -35000тг)
•    1 адамға табыстың орташа мөлшері - 7501теңге (45005/6)
•    2018 жылдың 2 тоқсанына кедейшілік шегі – 12422 теңге;
1 айға АӘК мөлшері:
1 алушыға 4921 теңге (12422-7501)
Отбасыға 29526 теңге (4921*6)

АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды отбасы мүшелері болмауы немесе олар нақты себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі, күнкөрісі төмен отбасыларға  (зейнеткерлер, 1,2 топтағы мүгедектер және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 немесе 2 топтағы мүгедекке,              үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар) көрсетіледі.
        Осы санаттағы адамдарға, шартсыз ақшалай көмек түріндегі АӘК,  өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар, олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан (оқу, әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, жұмысқа орналасу) және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, табысы аз отбасыларға әлеуметтік   келісімшарт жасасу арқылы көрсетіледі
      ШАК  әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындалады, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.
      Біржолғы ШАК үш айда бір рет төленеді және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға ғана қолданылады.

АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы, Жұмыспен қамту орталығына немесе кент әкіміне өтінішпен жүгінеді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 1454,7 мың теңге  көлемінде 99 адам санымен 21 аз қамтылған отбасыға көрсетілді (шартсыз -  жалпы сомасы 1011,7 мың теңге 51 адаммен 12 отбасыға, шартты - жалпы сомасы 443,0 мың теңге 48 адаммен 9 отбасыға).
АӘК бір алушыға орташа айлық мөлшері 2939 теңгені құрайды.
Шартты ақшалай көмек түріндегі АӘК алушылар санынан 2 жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (1 адам-стипендия алып, тігінші мамандығы бойынша 3 айлық қысқа мерзімді қайта даярлау курстарында тегін оқиды; 1 адам- «Балқаш қаласының Орталық ауруханасы» КММ-нің операциялық блогының медбикесі лауазымына тұрақты жұмысқа орналасты).
Әлеуметтік бейімдеу шаралары шеңберінде келесі әлеуметтік қолдаулар көрсетілді:
•    тұрғын уй көмегі - 9 отбасыға, 5585 теңге орташа мөлшерімен, жалпы сомасы 251,3 мың теңгеге;
•    бір реттік материалдық көмек  8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне - көп балалы 7 отбасыға, мөлшері 5000 теңге көлемінде,  жалпы сомасы 35,0 мың теңгеге;
•    бір реттік материалдық көмек  «Наурыз» мейрамына - кедейлік шегінен төмен табысы бар 13 отбасындағы 62 адамға, 6000 теңге мөлшерінде жалпы сомсы 372,0 мың теңгеге.
«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-мен  өзара ынтымақта,                              3 отбасындағы 4 баланы мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылды және            2 отбасындағы 3 балаға жазғы демалыс лагерьлеріне жеңілдетілген жолдамалар  ұсынылды.
Жұмыспен  қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының мамандары   әрдайым  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Ақпараттық буклеттер жасалынып, қоғамдық жерлерге таратылды, БАҚ-да мақалалар жарияланды, қала телеканалдарында  мамандармен ақпараттар беріліп, сюжеттер көрсетілді, әкімдік пен бөлімнің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде бейнероликтер орналастырылды.
Осы орайда, әлеуметтік саясатты қалыптастыру және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді күшейту - мемлекет қабылдайтын кешенді шаралардың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ алуға болады: Уалиханов көшесі,  5, №3,7,12 кабинет, телефон 8(71036)44061,42400.


Гульмира Махтбекова
«Балқаш қаласының жұмыспен  қамту  және
 әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-нің
 Әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және
 төлеу секторының меңгерушісі

Дата редактирования: 11 Маусым 2018

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх