Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және экономиканы реформалау бойынша басты міндеттер қойылған.
Жолдаудағы басымды 5 бағыттың бірі - адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында,  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу қажеттігі көрсетілген. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күнде ұсынылып отырған жәрдемақының үш түрін, атап айтқанда:  көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері¬летін атаулы әлеуметтік көмектің орнына ұсынылатын болады.
Ұсынылатын атаулы әлеуметтік көмекке қосымша әрбір жұмысқа қабілетті азаматқа, үкімет тарапынан оқыту және мамандық алғаннан кейін жұмысқа орналастыру немесе өз ісін ашу және осы мақсат үшін несие алуға қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті ұсыну барысындағы өзгерістерге халықты дайындау үшін, Балқаш қаласында 2016 жылдың маусым айынан бастап шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда және ол  атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетігі бойынша төленеді.
2017 жылдан бастап АӘК, МБЖ алушылар санынан 11 адам санымен 2 отбасы  «Өрлеу» жобасына қатысты.
Тағайындалған шартты ақшалай көмектің сомасы 187,1 мың.теңгені құрады. Әлеуметтік келісім шарт жасалғаннан бастап жобаның 2 қатысушысына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.
Аз қамтылған отбасыларды «Өрлеу» жобасына қатыстыру  жұмыстары жалғастырылуда.
Осы орайда, халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау - қоғамды әлеуметтік жаңғырту мақсатындағы мемлекет қабылдайтын кешенді шаралардың ажыратылмас бөлігі болып табылады.


«Балқаш қаласының жұмыспенқамту және
әлеуметтік бағдарламаларбөлімі» ММ                                                    
 


 


Дата редактирования: 15 Қазан 2019

Ауа райы

11°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.62
Euro 429.98
Рубль 6.06

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх