Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Құрметті жұмыс берушілер!

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бастауымен 2018 жылдың соңына дейін жүргізілетін  «Еңбек шартын жасаңыздар!» жалпы республикалық акциясы жүргізілуде. 

Акция мақсаты бейресми еңбек қатынастарына  (еңбек шартына отырмай жұмыскерлерді жалдау)  жол бермеу және оларды анықтау,  азаматтардың еңбек саласындағы өз құқықтарына хабардар болу деңгейін арттыру.

Акцияның  маңыздылығы  қазіргі уақытта бейресми жұмыспен қамтылу  және оның  салдары  әлеуметтік – еңбек саласындағы басты мәселе болып табылатындығында. Зейнетақы және  міндетті медициналық сақтандыру жүйелерінде болып жатқан өзгерістерге орай, жұмыс берушімен еңбек шартын жасау қажет.

Еңбек шарты жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынасты реттейтін негізгі құжат   болып табылады.

 Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша келісім. Ол шарт бойынша  жұмыскер айқындалған қызметті (еңбек функциясын)  орындауға, еңбек тәртібін сақтауға, ал жұмыс беруші  Еңбек Кодексінде, ҚР заңдарында және өзге де  нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, жұмыс берушілердің актілерінде қарастырылған шартты еңбек фукциясы бойынша жұмысшыға жұмыс ұсынуға, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жалақысын, өзге де заңнамамен қарастырылған төлемді өз уақытында және толық көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.   

Қаланың барлық жұмыс берушілері мен жұмыскерлерін «Еңбек шартын жасаңыздар» жалпы республикалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.   

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша «Балқаш қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге Балқаш қаласы, Уалиханов көш., 5, №12 кабинет мекен-жайы бойынша  жүгінулеріңізді сұраймыз.  Анықтама үшін телефондар:75956,75957.


Дата редактирования: 18 Қараша 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх