Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жергілікті атқару органдармен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылді 2015 жылда іске асыру есебі (15.04.2016)

Ел басы Н.Ә. Назарбаев өз сөздерінде қоғамдағы  реформаларды табысты ең маңызды шарты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылатынын атты.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Қарағанды облысында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Балқаш қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (әрі қарай – Жоспар) Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен бекітілді. Жоспарда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне  жүйелі, дәйекті және ымырасыз қарсы күрестің басымдықтары, мақсаттары және міндеттері анықталған.
Жоспарда қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің бағыттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойыенша нақты шараларды қамтуы ведомствалық жоспарларын әзірледі.  Жоспар бойынша қызметті жүзеге асыру құқық қорғау , атқарушылық, басқада мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, консультативтік –кеңесші органдар қатысады.
Олардың қызметін үйлестіру үшін қала әкімінің басшылығымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың  сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия құрылды.
2015 жылы жоспарға сай, сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссияның  4 отырысы өткізілді. «Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ, Саяқ және Гүлшат кенттер әкімдері, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Балқаш аймақтық өкілдігі,  «Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ, «Балқаш қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ, «Балқаш қаласы жер қатынастар бөлімі» ММ,  «Балқаш қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімі» ММ,  Балқаш қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау және ақпараттық техналогияларды дамыту бөлімі   есептері тындалды. Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәртіптік кеңесінің «Балқаш қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі » ММ бұрынғы басшысы, «СуЖылуТранс» КМК бұрыңғы директорына қатысты ұсынымын қарастырды.   
  Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбилеу мәселесін оқу бағдарламаларын енгізумен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жоспары бекітілді.
Моральдық-психологиялық атмосфераны және сыбайлас жемқорлыққа тиімді алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және құқықтық тетіктерін енгізу мақсатында жасау, тоқсан сайын қала мектептерінің оқу орындарында педагогикалық ұжыммен мемлекеттік қызметшілер қатысуымен сабақтар өткізіледі. Мысалы, 2015 жылғы 23 мамырында Қонырат м.а. №3 орта мектебінде «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бас мамандары қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік» тақырыбында педагогикалық ұжыммен оқыту өткізілді, 2015 жылғы 9 қазанда  №4 Н.К. Крупская атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде педагогикалық ұжыммен «Білім беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кеңестер өтті.           
Қала әкімінің ресми сайтында осы саладағы атқарушы органдардың қызметін қамтуды, Заңнамалық базаны, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кірістері, шығыстары, мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер, орналастыру үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты айдары құрылған.
2015 жылы 12 ай мемлекеттік органдармен 4 семинар кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді, 8 дәріс оқылды. Қатысушылардың жалпы саны 1500 болды.
2015 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) құқықтық жалпы оқыту өтті,  қортындысында мемлекеттік органдардың барлық басшыларын жоғарыда көрсетілген заңнаманы білу және қолдану туралы тестілеу өткізілді.
2015 жылға 30 қарашада азаматтық сектормен Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгеін қалыптастыру мәселелері бойынша диалог алаңы БАҚ жариялауымен  жүргізілді. «Балқаш қаласының кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер одағы»  кәсіпкерлер палатасы өкілдері заңды тұлғалар бірлестігі қатысты.
Орта және арнайы орта оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тақырыбы бойынша тоқсайын сайын дөңгелек үстелдер,  семинар кездесулер өткізіледі. 2015 жылы 9 дөңгелек үстелдер, 15 құқытық жалпы оқыту өтті. Сондай-ақ,  тоқсан сайын ата-аналар арасында олардан мектеп әкімшілігі үшін қаражат жинау туралы сауалнама жүргізілді.
Қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнаманы құқық қорғау, атқарушы органдар  «Балқаш өнірі» және «Северное прибалхашье» қалалық басылымдарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік қызмет», «Құқық тәртібі» айдары арқылы белсенді насихаттау жүргізеді.  Барлығы 2015 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 23 материал басылымға шыққан. Дегенімен, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар, әлі де орны бар. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 5 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталды.
«Балқаш қаласы әкімі аппараты» мемелкеттік мекемесі атынан персоналды басқару қызметі бөлімі жарты жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияның қызметін мониторинг жүргізеді. 2015 жылда 32 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басында қала әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары жаңартылып орналастырылды, мемлекеттік қызметшілер әдеп қағидалары бұзу фактілерін тіркеу журналы жүргізілуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпараттық стенді, құрмет тақтасы бар, газет беттерінде  ай сайын барлық мемлекеттік мекеме басшыларының жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестелері, «сенім телефондары» жарияланады.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде азаматтармен жұмыс ашықтығы мен айкындығын қамтамасыз ету мақсатында бейне бақылау камераларының орнату жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылғы желтоқсанда тұрғындардың әртүрлі бөліктері арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднама таратылды.
2015 жылғы қарашада жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мемекелердің барлық басшылары, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау мақсатында, өз еркімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2016 жылғы 31 наурызда  Интернет желісінің Балқаш қаласы әкімдігінің сайтында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, олардың жұбайларының, кәмелетке толмаған балаларының кірістері, шығыстары, мүлкі, мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер орналастырылды.
Қала әкімі аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау бақылау белгілі бір жүйесін құрды. 2015 жылда 12 ай ішінде 1649 өтініштер келіп түсті және оларға жан-жақты жауап берілді.
Экономикаға қауіпсіздік және дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі мәселелердің бірі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу болып табылады. ҚР басшысы және Үкімет бұйрығына сәйкес дағдарысқа қарсы іш-шаралар аясында Ақтоғай ауданы шаруа қожалықтары, өңдірушілері және қаладағы көтерме сауда  өңім берушілер қатысуымен әр сенбі сайын жәрмеңке өткізіледі. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мақсатында жоспарының орындалуы барсында  «Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын анықтау» қоғамдық шолу қаулы жобасы әзірленді және БАҚ орналыстырылды. Қоғамдық кеңесі мақұлдағаннан және сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін жоба қала әкімдігінің қарастыруына ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу  ұйымдастыру және үйлестіру процессі -ерекше, тұрақты бақылауда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және мемлекеттік сатып алу заңнаманысының бұзылуын алдын алу  міндеттерді іске асыру мақсатында, конкурстық сатып алу басталғанға дейін,  профилактикалық шаралар ретінде мемлекеттік органдарының  бухгалтерлер, мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асыратын мамандары қатысуымен  қаржылық тәртіпті сақтау семинар-кеңестер өткізілді. Семинар-кеңес барысында тауарлады мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар сапасын қарастырады жұмыстарды және қызметтерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қатаң қолдану және мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сөзсіз орындау тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру  және өткізу ережесі сұрақтары  қаралды.
2015 жыл ішінде Балқаш қаласының бюджеті бойынша 574,2 млн. теңге сомаға 45 конкурстар мен аукциондар көзделген және өткізілген. Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша шартты үнемдеу 13,5 млн теңге құрады.
Қаржылық бақылау инспекциясы қаланың білім бөлімінде 2 тексеруді жүзеге асырды, 2015 жылы мемлекеттік сатып алу барысында, өтінімдерді құқықтық реттеу негізсіз бас тарту қағидасын сақтамау құрылған (шағым бойынша 1 конкурс қоса алғанда), 2 конкурста бұзушылықтар анықталды. Қорытынды бойынша комиссия мүшелерінің бақылау нәтижесінде әкімшілік айыппұл салынып, бөлімнің бас бухгалтеріне сөгіс жарияланды.
Қала бюджетінің игеру мониторинг шеңберінде, тендерлік рәсімдерді кестесін,  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлік рәсімдер бақыланады, бюджеттік бағдарламалардың қалалық басшыларымен кездесу өткізіледі.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Балқаш қаласының жергілікті атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының насихаттауға назар аудару, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл, БАҚ жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұртшылықты хабардар ету, қатаң ағымдағы мемлекеттік қызметшілердің заңнамасына, сондай-ақ осы жұмысқа сәйкестігі жалғасатынын атап өтеміз.

 


Дата редактирования: 25 Тамыз 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх