Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Заңдылықты сақтау – әскери қызметшінің міндеті

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 ақпандағы «Әскери полиция органдары туралы» Заңының 5 бабына сәйкес әскери полиция органдарының міндеттері болып: алдын алу, ескерту, анықтау, жолын кесу және қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген құзыреттері шегінде ашу; қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау; Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген құзыреттері шегінде анықтау жүргізу.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11 бабына  сәйкес, мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын  Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша салық органына салық салу объектісі болып табылатын және  Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлердегі табыстар мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.  Әскери қызметшілердің міндеттеріне табыстар мен мүлкі туралы декларация тапсыруда кіреді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңының талаптарын орындау мақсатында әскери қызметшілердің арасында
декларация тапсыру кезінде кірістерінің және мүліктерінің мәліметтерін   салық органдарына дұрыс көрсеті туралы алдын алу іс-шаралар өткізіледі.        
Балқаш гарнизонының барлық әскери қызметшілерімен жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын және сақталуын қадағалау жүргізілуде. Жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-әрекеттердің бір шарасы болып басты құралы ретінде алдын алу табылады.
Жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында барлық дәрежедегі  әскери қызметшілермен ҚР заңдарын сақталуы және қылмыстармен құқық  бұзушылықтардың реттейтін түрін, жасалған үшін жауапкершіліктер  талаптарын жеткізе отырып жеке немесе ұжымдық сұхбат түрінде іс-шаралар жүргізіледі. Алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде  жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ескерту, жолын кесу мақсатында Балқаш гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен қамтитын гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемлердегі әскери қызметшілермен ұдайы тұрақты түрде дәрістер мен сұхбаттық әңгімелесулер жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты  құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, семинарлар өткізіледі.
2015 жылғы 25 қарашадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бойынша 2018 жылға арналған жергілікті құқық қорғау органдарының арасында  бірлескен жұмыс жоспарына құқық қорғау органдарының басшыларымен  қол қойылды.

Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесі
 


 


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх