Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Әскерге шақыру кампаниясы – сыбайлас жемқорлықсыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің  2017 жылғы 16 наурыздағы №449  мерзімді әскери қызметшілерді запасқа қызметінен босату және ҚР азаматтарын  мерзімді  әскери қызметке  шақыру   Жарғысымен,   2017  жылғы қыркүйек айынан бастап  желтоқсан айына дейін ҚР Қарулы Күштерінің қатарына  азаматтарын мерзімді әскери қызметіне  шақыру кампаниясы өтіп жатыр.  Әскери қызметке шақыруға жататын  тұлғалар  медициналық  комиссиясынан, арнайы тексерістерден  өтеді және психологиялық- моральдік  жағдайына  қатысты  аладын алу сұхбаттар өткізіледі.  
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды алдын алу мақсатында, әскери қызметіне шақыру кампаниясы жұргізу барысында Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауына әскери қызметшілер және шақырушылардың арасында  алдын алу  іс-шаралар  өткізілуде.
Осыған байланысты, Балқаш қаласы  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшыларының келісуімен, аталған бөлімінде Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесі офицерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс кабинеті құрылды.  Жұмыстың мақсаты, лауазымды тұлғаларының және шақыру контингентінің тарапынан  құқықбұзушылықтарды  болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және тәртібін  қалыптастыру.   
Жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, шақырушылармен ұжымдық және жеке сұхбаттар өткізілді, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездесу жағдайларында әскери полиция органдарына  өтініш беру тәртібі түсіндірілді.
Қолжетімді  орындарында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жадынамасы, ҚР қылмыстық кодексінің бабтары,  ҚР Қорғаныс министрлігінің және әскери полиция бөлімшесінің сенім телефондары орналастырылды.
Сонымен қатар,  әскери басқарма органдарының лауазымды тұлғаларымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру  және ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын  жеткізу  туралы  сабақтар өткізілді.
Әскери басқарма органдарында жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына  қатысты  дөңгелек үстелдер өткізілді. 
Әскери лауазымды  тұлғаларының тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерімен, Этикалық нормаларын бұзу фактілерімен кездесу жағдайларында  Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесіне хабарласуыңізді  сұраймыз.               
Мекен-жайымыз:  Балқаш қаласы, З.Сабитова ықшам-ауданы 32/3, телефон  5-19-18. 

Балқаш гарнизоны ә скери полиция бөлімшесі. 
 


 


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх