Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды алдын алу іс-шаралары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №449 мерзімді әскери қызметшілерді запасқа қызметінен босату және ҚР азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру Жарғысымен, 2017 жылғы наурыз айынан бастап шілде айына дейін ҚР Қарулы Күштерінің қатарына азаматтарын мерзімді әскери қызметіне шақыру кампаниясы өтті.

Өткізілген шақыру кампаниясында әскери басқарма органдарының шақыру комиссиясымен шақырушылардың арасында медициналық комиссиясы және арнайы тексерістер арқылы шақыру жұмыстары жүргізілді және психологиялық- моральдік жағдайына қатысты аладын алу сұхбаттар өткізілді .

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды алдын алу шақыру кампаниясын өткізу барысында Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Әскерге шақыру кампаниясы – сыбайлас жемқорлықсыз» - деген акциясына қастысты.

Аталған акциясының мақсаты лауазымды тұлғаларының және шақыру контингентінің тарапынан құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу шараларды қолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және тәртібін қалыптастыру.

Акция өткізу барысында шақырушылармен ұжымдық және жеке сұхбаттар өткізілді, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездесу жағдайларында әскери полиция органдарына өтініш беру тәртібі түсіндірілді.

Қолжетімді орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жадынамасы, ҚР қылмыстық кодексінің бабтары, ҚР Қорғаныс министрлігінің және әскери полиция бөлімшесінің сенім телефондары орналастырылды.

Сонымен қатар, әскери басқарма органдарының лауазымды тұлғаларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру және ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын жеткізу туралы сабақтар өткізілді.

Әскери басқарма органдарында жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына қатысты семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізілді.

Өткізіліген акциясы уақытында және шақыру кампаниясы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын бұзу фактілер анықталған жоқ.

Әскери лауазымды тұлғаларының тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерімен, Этикалық нормаларын бұзу фактілерімен кездесу жағдайларында Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесіне хабарласуыңізді сұраймыз.

Мекен-жайымыз: Балқаш қаласы, З.Сабитова ықшам-ауданы 32/3, телефон 5-19-18.

Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесі


Дата редактирования: 17 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх