Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Меры противодействия коррупции среди военнослужащих.

СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ЖОЛ  БЕРМЕУ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  туралы Заңына  сәйкес әскери полиция органдарының құзырына   «сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтарын анықтау,  жолын кесу, ескерту және жасалған құқық  бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту»  кіреді.
9 желтоқсан БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша сыбайлас жемқорлық мәселелеріне және бұл әлеуметтік зұлымға тапжылмай және жоспарлық іс-қимыл жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туралы дүниежүзілік қоғамдастықтың назарын аударуға бағытталған Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтеді.
Осы күнге байланысты Балқаш гарнизоны әскери бөлімдерінің лауазымды тұлғалармен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықты алдын алу іс-шараларды бірге өткізу,  өзара әрекеттестік, әскери қызметшілер арасында отаншылдық тәрбиелеу  шеңберінде   іс-шарлардың тиімділігі, әскери ұжымдарында сыбайлас жемқорлық  фактілерге   «нөлдік  төзімділік»  жарату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  көзқарасты  қалыптастыру  жөнінде сұрақтар     талқыланды. 
Аталған іс-шараларының мақсаты лауазымды тұлғаларының және басқа да әскери қызметшілерінің тарапынан  құқықбұзушылықтарды  болдырмау  және алдын алу  шараларды  қолдау  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және тәртібін  қалыптастыру.   
Алдын алу іс-шаралар  өткізу барысында әскери қызметшілерімен ұжымдық және жеке сұхбаттар өткізілді, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездесу жағдайларында әскери полиция органдарына  өтініш беру тәртібі түсіндірілді.    
Қолжетімді  орындарында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жадынамасы, ҚР қылмыстық кодексінің бабтары,  ҚР Қорғаныс министрлігінің және әскери полиция бөлімшесінің сенім телефондары орналастырылды.
Сонымен қатар,  әскери басқарма органдарының лауазымды тұлғаларымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру  және ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын  жеткізу  туралы  сабақтар өткізілді.
Әскери басқарма органдарында жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына  қатысты  семинарлар  және дөңгелек үстелдер өткізілді. 
Әскери лауазымды  тұлғаларының тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерімен, Этикалық нормаларын бұзу фактілерімен кездесу жағдайларында Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесіне хабарласуыңізді  сұраймыз.               
Мекен-жайымыз:  Балқаш қаласы, З.Сабитова ықшам-ауданы 32/3, телефон  5-19-18. 
Балқаш гарнизоны әскери полиция бөлімшесі.
 


 


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх