Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 06-7/179 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлерге тестілеу ұйымдастыру процедураларына және тестілеу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, аталған өзгерістер мен толықтырулар 2014 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Аталған Бұйрыққа сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу үш бағдарлама бойынша өткізілетін болады:

1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi (барлығы 135 сұрақ – 110 минут).

Логикалық тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды.

2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы»
(15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi (барлығы 120 сұрақ – 100 минут).

Логикалық тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi (барлығы 90 сұрақ – 100 минут).

Логикалық тест және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге белгіленген нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі.

Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаттарына жарамды.

Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаттарына жарамды.

Шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «Б» корпусына үміткерге белгіленген нысанда шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.

Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, құжаттармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Тестіленуші адамдардың қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталық дербес компьютерлер және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеуді өткізу уақытында өшіріледі.

Тестіленуші адам жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда әкімші (әкімші – тестілеуді өткізетін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік қызметкері) осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте әкімші белгіленген нысандағы Тестілеу ережелерін бұзу туралы акті толтырады.

Ережені бұзған адамның тестілеу нәтижесі жойылады.

Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді акт толтырылған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

Тестілеуге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады, оның ішінде: Қазақстан Республикасының азаматы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем емес, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамдар қатыса алады.

Егер, қазіргі уақытта, тестілеуден өту үшін бірнеше құжат тапсыру қажет болса (жеке куәліктің, дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелері), 2014 жылдың 1 наурызынан бастап «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну жолымен белгіленген нысандағы өтінішті тапсырады.

«Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.

Үміткер жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжатты әкімшіге тестілеу кезінде ұсынады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті


Дата редактирования: 18 Маусым 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх