Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

ХҚО-ға тек дайын құжаттар үшін келіңіз!


Сіз - бұл мүмкін емес, бұл кезекті айла деп ойларсыз, алайда мұндай мүмкіндік Сіздің  әрқайсыңызда болатынымен қуанта аламыз.  

Бүгін біз Сіздерге үйде отырып, жүргізуші куәлігіне тапсырысты қалай беруді  және ХҚО-ға тек  жаңа құжатты алу үшін келуді айтамыз. 

Сізге, он жыл бұрын алған жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет болды делік. Ойыңызға бірден кезекке тұру, бір күнді күні бойы бір құжат үшін жұмсайтыныңыз келеді. Иә, осылай болуы керек-те, бірақ қазіргі кезде емес. Жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша онлайн қызметін алу үшін, өтініш берушінің тек  Egov порталында тіркелген болуы қажет (егер сіз тіркелмеген болсаңыз, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ мамандары сізге бұл мәселені шешуге міндетті түрде көмектеседі), порталда авторизация жасағаннан кейін, Көлік және коммуникация -Автомобиль көлігі  бөліміндегі «Онлайн қызметіне тапсырыс беру» батырмасына ауысыңыз. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңба қойыңыз. Өтінішке фотосурет пен қолтаңба үлгісін тіркеңіз. Мемлекеттік баж салығын төлеу кезінде (қызмет құны- 1,25 АЕК), мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасу орны бойынша салық басқармасы органын таңдауыңыз қажет. Бұдан басқа, өзіңізге дайын жүргізуші куәлігін алуға ыңғайлы халыққа қызмет көрсету орталығын көрсетуіңіз қажет.  Дайын жүргізуші куәлігін алу үшін, жеке басты ішкі істер органы қызметкерлерімен сәйкестендіру үшін электрондық өтініште көрсетілген ХҚО баруыңыз қажет. Өзіңізбен бірге: басып шығарылған электрондық өтініш; ауыстыруға арналған осы күнгі жүргізуші куәлігі; жеке басты куәландыратын құжат; мемлекеттік баж салығының төлемі туралы басып шығарылған электрондық чек болуы тиіс. 

Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы алу тек ескі үлгідегі жүргізуші куәлігін ауыстыру жағдайында немесе  оның жарамдылық мерзімі өтуінсіз түрін өзгерту кезінде ғана мүмкін болатынын ескертеміз. 


Кері қайту


Дата редактирования: 15 Мамыр 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх