Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңа туылған нәрестелерге арналған проактивті форматтағы қызметтер


Бала дүниеге келген кезде, ата-ана үшін оған құжаттарды ресімдеу қажеттілігі туындайды, бұл үшін арнайы уақыт бөлу керек, сондай-ақ, жарыққа шыққан сәбиге   алғашқы  күндерден бастап, көңілді көп бөлгіңіз келеді. Бүгінгі күні ата-аналардың бұл проблемасы шешілген. Баланың тууын тіркеуге  өтініш беру, жәрдемақы рәсімдеу, оны тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тіпті бала бақшаға кезекке қою баланың тууы бойынша проактивті қызметтің көмегімен мүмкін болады.  Мұны алу үшін мобильді азаматтар қорында тіркелген болу керек. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін мобильді азаматтар қорына тіркеудің келесідей тәсілдері бар:  

Өз бетінше,  ЭЦҚ қолтаңбасымен бірге eGov.kz порталындағы Жеке кабинет арқылы (қажет болған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ қызметкерлері мұны өзіне-өзі қызмет ету секторынан жасауға көмек бере алады);  

  1. Кез келген «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ  филиалының (ХҚО) қызметкерлеріне жүгіне аласыз.                               

Медициналық мекемеден хабарлама ала отырып, бала туғаннан кейін бір тәуліктің ішінде, ақпараттық жүйе қызмет көрсетуге арналған қажетті ақпаратты қадамдық сауалмен бірге құттықтау СМС-ін тіркелген ата-ананың біреуіне жолдайды.  СМС-те Telegram-бот (EgovKzBot) сілтемесі көрсетілетін болады, бұл өз кезегінде Telegram –қосымшасы арқылы қызмет алу мүмкіндігін береді.

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынады, ал жетіспейтіндері толтырудың қысқа үлгілері енгізілген СМС-сауалдар арқылы баланың анасынан сұратылатын болады.

СМС деректермен алмаса отырып, ата-аналар мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жоғарыда тізбектелген мемлекеттік қызметтерді алады.

Өз уақытыңызды ХҚО баруға емес, жақындарыңызға бөлуге тырысыңыз!


Кері қайту


Дата редактирования: 15 Мамыр 2019

Ауа райы

25°
В Балхаше: ясно, Влажность 27%, Давление 713, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.77
Euro 427.26
Рубль 6.00

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх