Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

БАСТЫ МАҚСАТ- ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ӨМІР ЖАҒДАЙЫН ЖАС

Құрметті балқаштықтар!

2018 жылы қаланың дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2050» Стратегиясындағы  , Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді орындауға арналды.

       Экономиканың тұрақты дамуына , әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға, қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға басты назар аударылды.

                                                 

Өнеркәсіп

Бірінші рет, өнеркәсіптік өнім көлемі 546 млрд. теңгеге  көтеріліп, облыс өнеркәсіптік өнім көлемінің 21%-ын құрады.

Қаладағы өнәркәсіптік саланың негізін өңдеуші сала құрайды, оған жылына 10 млрд. теңгеден астам инвестиция салынады. Бұл сала алдағы уақытта да экономикалық өсімді қамтамасыз етудің басты шарты болып қала береді. Сондықтан, жаңа технологиялар енгізіліп, технологиялық циклдарда инновациялар жетілдірілуде. 

«ІСС» ЖШС және «Сары Қазына» ЖШС шикізатты қайта өңдеуді сәтті жүзеге асыруда. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған өзге кәсіпорындар жұмысы да жүйелі жолға қойылды. 

Инвестицияның 72%-ы (18 млрд. теңге) кен өндіру және өнеркәсіптің өңдеуші саласына салынды.

       

Ветеринария

Балқаш қаласы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына тіркелген түлік саны: мүйізді ірі қара – 2567 бас , қой-ешкі – 4528 бас, жылқы – 461 бас, түйе – 146 бас, шошқа – 516 бас, құс – 5025.

        Қаланың аграрлық саласы алдындағы негізгі міндеттер – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жануарлардың аса қауіпті және эпизоотиялық ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу болып табылады.

        Қала және кенттер аумағында эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілді. Оның ішінде, жануарлар толығымен тіркелді. 19 мыңнан астам түлік пен құсқа екпе жасалып, 17 мыңнан астам диагностикалық зерттеулер жүргізілді.

        Өткен жылы мал шаруашылығы өнімдерін саудалайтын 439 нысанда ветеринарлық-санитарлық нормалардың сақталуы тексеріліп, 180 мың теңгеге 6 әкімшілік айыппұл салынып, қала аумағында эпизоотиялық ахуалды жақсартуға және тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасалынды.

 

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

        Бүгінгі  күні қалада және кенттерде 20 шаруа қожалығы бар, оларға 4,3 мың гектар жер бөлінген.

        Ауыл шаруашылығы саласының былтырғы ішкі жалпы өнімінің көлемі 1,5 млрд. теңгені құрады. Төрт түлік пен құс етінің, сүт пен жұмыртқа өндірісінің көлемі ұлғайды.

        Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Ақтоғай ауданы өнім өндірушілерінің және қаланың көтерме сауда өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде. Өткен жылы 31 жәрмеңке өткізіліп, 745 млн. теңгенің өнімі саудаланды. Қаланың саяжай ұстаушылары қалалықтарға қолжетімді бағада 8,2 млн. теңгенің өнімін ұсынды.

        Былтырғы жылы тауар өндірушілер мен өнімді сатып алушыларға қолайлы жағдай тудыру үшін жәрмеңке аумағы кеңейтіліп, жолдарға асфальт төселді, модульді контейнерлер, әжетхана, қоршаулар орнатылып, суық және ыстық су тартылды. Биылғы жылы да жәрмеңке өткізілетін аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып, жаңа сауда орындары орнатылады.

        Қоңыратта  11 гектар жер бау-бақша егу үшін бөлінді.

        Бүгінгі күні қала бойынша 13,5 мыңнан астам адам шағын кәсіпкерлік саласына жұмыс жасайды, олармен 15,4 млрд. теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсетті.

        «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылған  сәттен бастап 1,6 млрд. теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 426 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде, өткен жылы – 102 млн. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 12 жаңа жұмыс орны ашылып, 122 жұмыс орны сақталды.

      Бүгінде туристік сала  экономиканың басым бағыттарының  негізі болып табылады. Қаламыздың туристік-рекреациялық әлеуеті зор. Өткен жылы қалаға 28 турист  келіп, олар 258 млн. теңгенің қызметін пайдаланды.

      Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында туристік саланы дамыту, соның ішінде, елдің үздік туристік нысандарының «ондығына» енген Балқаш өңіріндегі туризмді дамыту мақсатындағы міндеттерді айқындап берді. Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «McKinsey & Company» (МакКензи&Компани) компаниясымен бірлесе отырып, құрамына Балқаш курорттық аймағын дамыту мәселесі кіретін Қазақстан Республикасында кірмелік және ішкі туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары әзірленді.  Осы бағдарлама аясында Балқаш қаласы бойынша туристік нысандардың инженерлік инфрақұрылымын жабдықтау мақсатында 2019-2021 жылдарға жалпы көлемі 3 481 млн. теңге (РБ – 3420 млн. теңге, ЖБ – 61 млн. теңге) бөлу жоспарланды. Бұл қаражатқа электр желілерін қайта жабдықтау, жол құрылысын жүргізу, Бертіс шығанағында кәріз жүйесі мен су құбырларының жүйесін тарту жұмыстары жүргізіледі. Балқаш қаласында туризмді дамытуға арналған 60 га жер бар, Балқаш қаласының туристік саласын дамытуға ниетті азаматтар ашық аукционға қатысып, өз үлестерін қосуға  мүмкіндік бар. Кәсіпкерлеріміз қызмет көрсету сапасын жақсартып, халықаралық стандарттарға сай қызмет жасауы тиіс екендігін атап өткен дұрыс. Биылғы жылы мейрамхана және қонақжай бизнесі қызметкерлерін қонақ күтудің ережелерін таныстыруға үйрететін семинар-тренингтерді қамтыған инвестициялық-туристік форуымды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Қаржы

2018 жылы қол жеткізілген экономикалық өсім бюджеттік түсімдердің өсуіне тікелей әсер етті. Өткен жылы бюджеттің кіріс бөлігінің орындалысы қорытындысы бойынша 460 млн. теңге көлеміндегі пайдаға қол жеткізілді. Бұл қаражат есебінен қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жоспарлануда. Оның ішінде, саябақтарды абаттандыру қолға алынып, қаланы дамытудың кешенді жоспары жүзеге асып, басқа да мәселелер шешіледі.

 Бюджеттік саясат басымдылықтарының, облыс әкімі тапсырмаларының, депутаттар мен қаланың Қоғамдық кеңесі мүшелерінің, халықтың ұсыныстары мен сұраныстары ескеріліп, алдағы үш жылға арналған қала бюджеті бекітілді.

2019 жылға арналған бюджет көлемі 9,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, бюджетке кіріс көлемі 4,9 млрд. теңгені құрайды.

2019 жылы қалаға 3,4 млрд. теңге көлемінде субвенциялар, жоғарғы бюджеттен 1,4 млрд. теңге көлеміндегі трансферттер бөлінді.  2019 жылдың бюджетінде қаралған негізгі шығындар Мемлекет басшысы Жолдауындағы негізгі басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталды. 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік шығынның негізгі тетіктері халықты жұмыспен қамтуға, білім беру саласын дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, қолжетімді баспанамен қамтуға, өңірді үдемелі дамытуға бағытталды.

Қалалық бюджетте әлеуметтік салаға бағытталған басымдықтар сақталды. 2019 жылға арналған бюджеттің 71%-ы, яғни, 6,9 млрд. теңге әлеуметтік саланы дамытуға арналды.

 

Құрылыс

2018 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 12,3 млрд. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда, 171,3 %-ды құрады.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалада 2018 жылы 16 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 10 шағын ауданда 45 пәтерлік №20,21 екі көпқабатты тұрғын үй бой көтеріп, 186 отбасы қолайлы баспанамен қамтылды.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі артты. «Қоңырат» шағын ауданында халықтың аз қамтылған тобына арналып 48 пәтерлік 2 үй қайта жөнделіп, пайдалануға берілді.   

Қала тұрғындары тұрғын үй құрылысына қаржы жинақтау ісіне белсенді қатысуда , 3500 балқаштақтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» есепшоттарын  ашты.

Жеке инвестициялар есебінен Сейфуллин көшесінде 27 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілдді. Ондағы 7 пәтер бюджеттік қызметкерлерге берілді.

Тұрғын үй алуға кезек көлемі 23%-ға азайды.

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 шағын аудандағы 45 пәтерлік №18 және №19 тұрғын үйлердің құрылысын  бастау жоспарлануда.

«Самал» шағын ауданындағы жаңа тұрғын үй құрылысын жедел жүргізу мақсатында 2019 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы басталады. Бұл шаралар су желілерін тарту жұмыстарынан бастап кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Өткен жылы қалада Амангелді көшесі (Қараменді би көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін), ағайынды Мусиндер көшесі (Ленин көшесінен Иванов көшесіне дейін), Әлімжанов көшесі (Сейфуллин көшесінен Островский көшесіне дейін), Металлург көшесі (Жұмысшылар кенті) және Қоңырт шағын ауданындағы 2 көше (Русаков, Горняцкая) және Гүлшат кентіндегі 2 көше бойындағы жалпы көлемі 6,3 шақырым автожол жөнделді.

 Ленин көшесі бойындағы 3,2 шақырым  жол күрделі жөндеуден өткізілді, техникалық бақылаудың ескертпелерін  жою жөніндегі жұмыстар осы жылдың көктеміне ауыстырылды, бөлінген ақша төленген жоқ.

Көлік құралдары және жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу мен сапасын арттыру мақсатында металл құрылымдары мен жасанды кедергілер арқылы 40 жол белгісі орнатылып, Жұмысшы кенті мен Қоңырат шағын ауданындағы 8 көшеге жарықтандыру құрылғылары орнатылды. 2019 жылы 6 көше , соның ішінде, Қоңырат шағын ауданындағы көшелер бойындағы автожолдарды жөндеуге ауқымды қаражат бөлінеді. Молдағұлова  және Бәйсеитова көшелеріне бір бағыттағы жол қозғалысы енгізіледі.

«Менің аулам» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұқаралық спортты дамытуға және қала тұрғындары арасында спортқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 10 аула жабдықталды.

Аула арасында, мектептер мен балабақшаларға, дүкендерге, қоғамдық көліктер аялдамаларына қатынастарды реттеу мақсатында 2 көшеде жаяу жүргіншілер жолағы, 11 мың шаршы метр жол жиегі мен шағын сәулеттік пішіндер орнатылды.

Томпиев көшесі бойында жаттығу кешендері орнатылған, саябақ қолданысқа берілді.

М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайы саябағын абаттандырудың екінші кезеңі аяқталып, төсеуіштер, жол жиегі, гранитті қоршаулар, жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалардың ойын кешендері орнатылған жасанды көгал, архитектуралық пішіндер және сәулеттік композиция, лэд-экрандар орнатылды. Аталмыш саябақ балқаштықтардың сүйікті орнына айналды.
        2019 жылы 7 ауланы, жаяу жүргіншілер жолағын жаңартып, тал және көшет егу, «ВЛКСМ-ның 30 жылдығы» саябағын абаттандыру, оның суару жүйесін қалпына келтіру, Жұмысшылар кентіндегі  көшелердің (Школьная, Гоголь, Тоқтамысов, Сарыарқа) жарықтандыруын қалпына келтіру жоспарланды.

Қаладағы 582 көпқабатты тұрғын үйдің 112-сіне, соның ішінде, өткен жылы техникалық сараптама жүргізілген Қараменді би, 10, Сейфуллин, 33 тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстары қажет етеді.   Осы мекен-жайлардағы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ТКШ жаңғыртудың меммлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған 60 жиын өткізілді. 2018 жылы аталмыш бағдарлама аясында қайтарымды қаражат есебінен Сейфуллин көшесі, 36 «а» мекен-жайына 29 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табады.

2018 жылы Қоңырат жылы болып жариялануына байланысты, оның кешенді жөнделуіне 800 млн. теңгеден астам қаржы  бөлінді. Осы қаражат есебінен 2 тұрғын үй қалпына келтіріліп, мектеп,  шағын ауданның басты көшелері, 0,8 шақырымдық су желісі жөнделді, саябақ абаттандырылды заңсыз тұрмыстық-қатты қалдықтар шығарылып, тұрақты жылумен қамту маусымын өткеру мәселесі шешілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сары Қазына» ЖШС есебінен балалар мен жасөспірімдерге арналған жаттығу жабдықтары орнатылған  спорттық алаң ашылды. Осы жылы 3 көшеге (Новорудная, Зейцев, Алтынсарин) жаяу жүргіншілер жолағын орнату, 2019-2020 жылдардағы жылу маусымын қамтамасыз етуге арналған жылу маусымын қамтамасыз етуге, Балқаш-Қоңырат қосымша бағытын субсидиялауға, білім беру мекемелерін мультимедиялық жабдықтармен, компьютерлермен, роботты техника кабинеттерімен, жиһаздармен қамтуға қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Балқаш ЖЭО-нан Қоңырат шағын ауданына дейінгі жылу берумен қамту мәселесін толығымен шешу үшін №3 жылу беру жүйесінің құрылысын салуға жобалық-сметалық құжат әзірлеу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, 2018 жылы Саяқ кентін сумен қамту және Төменгі Тоқырауын өңірін жерасты суымен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыстардың жобалары жетілдірілді. Бұл жобалар қазіргі күні мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Биылғы жылы Саяқ кентінің құрылғанына 55 жыл толады. Мерейтой қарсаңында аулаларды (Вокзальная, 54, 56, 58), шағын саябақты абаттандыру, тұрмыстық-қатты қалдықтарды шығару,  кентті жылумен  үзіліссіз қамтамасыз ету (жанар-жағармай сатып алу, жөндеу)  №6 орта мектепті  (шатырын) жөндеу жұмыстары жоспарланды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала

Статистикалық дерек бойынша  қала халқының 2018 жылдың 1 қаңтарындағы саны 78582 адамды құрады. Өткен жылы қалаға 513 адам қоныс аударып, 135 адам сыртқа көшкен. Миграциялық сальдо мөлшері 378 адамды құрады.

2018 жылы экономикалық белсенді халықтың үлесі 38780 адамды, оның ішінде  18580-і әйел адамдар. Экономикалық белсенділердің үлесі 49,3%-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша, Балқаш қаласы облыстағы қалалар бойынша 4-орында. Қала экономикасына 33660 адам, оның ішінде жеке және шағын кәсіпорындардың қатысуынсыз 21470 адам жалдамалы жұмысшы.

Жұмыспен қамтылғандар экономикалық белсенді халықтың 87,0% құрайды. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтығандары – 3182 адамды (8%), жұмыссыздар саны 5,0%-ды құрап,  2017 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз болды.

Халықты жұмыспен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. 2018 жылы 2721 адам, соның қатарында, тұрақты жұмыс орнына 2080 азамат орналастырылды.  1300 тарта адам  мердігер мекемелерге қаланы абаттандыру, әлеуметтік мекемелердің құрылыс-жөндеу, қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарға  уақытша орналастырылды.

 2018 жылдың басынан бері Халықты жұмыспен қамтудың кешенді бағдарламасы аясында 2971 адам жұмыспен қамту шаралаымен қамтылды. 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтудың және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылы 84,9 млн. теңге бөлінді. Бірінші бағыт – «Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларына қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамту» бағдарламасы бойынша, кадрларды қайта дайындау мақсатында 25,3 млн. теңге бөлінді. 210 адам  қысқа мерзімді курстан өтіп, олардың 121-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 4 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

    Екінші бағыт- «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында кәсіпкерліктің негізін 8 адам , кәсіпкерлікті бастаған 6 адам оқыды. 2 азамат кәсібін кеңейту мақсатында 16,8 млн. теңге көлеміндегі шағын несие алды.

   Үшінші бағыт- «Еңбек нарығын жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының жеделдігі арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында есепті мерзімде 2044 адам жұмыспен қамтылды. 51 жұмыссыз азаматқа әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылды. Арнайы орта және жоғары білім беру оқу орындарының 65 түлегі жастар тәжірибесіне жолдама алып, 525 адам қоғамдық жұмыспен қамтылды.

   «Инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтудың» үшінші бағыты бойынша жөндеу жұмыстарына жалпы көлемі 77120,0 мың теңге (облыстық бюджет есебінен) бөлініп, 44 жұмыс орны, соның ішінде, Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 25 жұмыс орны ұсынылды. Жоспарлы көрсеткіш толығымен (100%) орындалды.

«Электронды биржа» порталына тіркелген жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тіркеу жұмысы жүзеге асты. 2018 жылдың басынан бастап осы порталға 133 жұмыс беруші тіркеліп, тұрақты жұмыс іздеушілердің (2044 адам) қатарынан 862 жұмыс іздеуші (жұмыс іздеушілердің 42,2%-ы) жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, электронды биржа қызметін 501 жұмыс іздеуші пайдаланды.

Халықтың аз қамтылған тобын дер кезінде және тұрақты түрде, толық көлемде әлеуметтік қорғау мақсатында 450 отбасы, оның қатарында, арнайы әлеуметтік  көмек 32 отбасына, мүмкіндігі шектеулі балаларға және үйде оқитын балаларға арналған материалдық көмекті 33 отбасына және 385 отбасына тұрғынүйлік көмек көрсетілді. Осы мақсатқа 16,0 млн. теңге бөлінді.

2018 жылы  Ұлы Отан және ауған соғысының ардарелеріне, Чернобыль апатының салдарын жоюға күш салған ардагерлерге және өмірдің қиын сәттеріне кезіккен азаматтарға 67,5 млн. теңге көмек көрсетілді.

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, олардың қоғамдағы орнын жақсарту бюолып табылады. Қалада 3875 мүмкіндігі шектеулі жан бар, 2017 жылмен салыстырғанда, олардың саны 5,55-ға (203 адам) артық. 417 адам қосалқы техникалық құралдармен және арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған квота есебінен 152 адам тұрақты жұмыс орнына орналасты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау Министрінің 30.11.2015 жылғы бұйрығы бойынша 2018 жылы есту қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы 4 жұмыс орны ашылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта жасау үшін 2018 жылы 6 әлеуметтік маңызы бар нысан арнайы жабдықталды. Биылғы жылыы да 6 нысан арнайы жабдықталады. Қаланың кәсіпкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта жасауды қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік тапсырыс аясында 461 адамға жалпы көлемі 17,5 млн. теңгенің қызметі көресітлді. 2019 жылы аталмшы қызмет көрсетуге 20,9 млн. теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Жалпы, халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралар биылғы жылы да жалғасын табады, бюджеттен осы мақсатқа 443 млн. теңге қаражат бөлінді.  

 

 

 

                  Денсаулық сақтау

 

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қалада халықтың денсаулығын сипаттайтын оң динамика байқалады.

Бала өлімі – 22,3%-ға және жалпы өлім – 8,3%-ға, қан айналым жүйесі ауруларының өлімі – 11,9%-ға, қатерлі ісіктен өлім 14,6%-ға төмендеді. Туу деңгейінің көрсеткіші 0,5%-ға өсті. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 0,82 жылға өсіп, 71,29 жасты құрады. Халықтың табиғи өсімі 14,1%-ды ұлғайды.

Сонымен қатар, жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер саны 22,9%-ға өсіп, туберкулезбен ауыру көрсеткіші 22,2% және ВИЧ жұқпасын 50,4%-ға өсті. Балқаштықтардың   флюрографиялық және басқа да жоспарлы тексерулерді уақытылы өтпеуі әр түрлі аурулардың өсуіне әсерін тигізуде.

2018 жылы мақсатты категориядағы 16388 адам скринингтік тексеруден өтті.

2018 жылы қалаға  26 дәрігер, оның ішінде  16 жас маман тартылды , маман тапшылығы 12 мамандықты  құрайды. (Орталық ауруханаға 4 -анестезиолог-реаниматолог, 3-акушер-гинеколог, 2- инфекционист – 2,  1-педиатр – 1, 2-терапевт).

Дәрігер мамандарының жетіспеу мәселесін шешу мақсатында кәсіпорындардың және облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 адам  резентурада оқытылуда (неонастолог 2019 жылы  , нейрохирург – 2020 жылы келеді.).

4 маманның келуі жоспарлануда (орталық ауруханаға  – 2- акушер-гинеколог, 1 реаниматолог және №2 емханаға 1-жалпы практика дәрігері).

Ел Прездентінің «Жоғары білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасы аясында медициналық колледждің 240 орындық жатаханасына 197,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 28,0 млн. теңгеге тұрмыстық техника, жиһаз сатып алынды.Бұл медициналық колледждің студенттеріне тұруға  қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.  Жатаханаға күрделі жөндеу жүргізу есебінен дәрігерлер үшін 16 пәтер ұйымдастырылды.

№2 емхана ғимаратының шатырына 13,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. 49,7 млн. теңгеге 7 бірлік медициналық жабдық сатып алынды.

Денсаулық сақтау жүйесінде «Цифры Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі күні 24 мың балқаштық «Дамумед» мобильді қосымшасын қолданады.

2018 жылы 32 пацинет облыстың клиника мамандарының қызметтерін онлайн кеңес беру және диагностиканы онлайн жүйесі арқылы алды. №1 емханада «Навигация» ақпараттық жүйесі (23,0 млн. теңге) енгізілді, қаланың барлық емханалары амбулаторлық карталарды қағазсыз жүргізу форматына көшірілді. Электрондық денсаулық паспорттарында пациент денсаулығы туралы толық ақпарат бар.

Биылғы жылы халыққа ұсынылатын медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мақсатында З.Сәбитова атындағы шағын аудан аумағында жаңа емхана салу мәселесі қарастырылуда және орталық аурухана базасында орталықтандырылған бактериологиялық зертхана ашу жоспарланды

 

Білім беру

Қаланың білім беру  қызметі Қазақстан Республикасында Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі білім берумен 3077 бала қамтылған, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы – 96,4%, 3-тен 6 жасқа дейін – 100 %.

Қаланың мектепке дейінгі мекемелерінде 345 педагог, соның ішінде  317-сі жоғары және  кәсіби орта білімді. Жоғары біліктілік санатты – 15 (4,3%), бірінші біліктілік санатты 60 (17,3%) қызметкер бар.

2018 жылдың 4 тоқсанында «Балапан бақшасы» ЖШС мемлекеттік тапсырысының орналастырылуымен 40 орынға арналған жекеменшік балабақшасын ашты. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қалада жекеменшік балабақшаларды ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жоспарлануда.

Қала бойынша жалпы саны 11279 оқушыны қамтитын 18 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар. Барлық мектептерде оқыту 2 ауысымда өткізіледі, сыныптардың орташа топтасуы 20,7 оқушыны құрайды. 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша білім сапасы 50,3%-ды көрсетті. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «жақсы» және «үздік» үлгерімін көрсеткен оқушылар үлесі 70,1%-ды құрады. Қорытынды аттестаттау нәтижесі  бойынша барлық 10 үміткер «Алтын белгі» төсбелгісін мен 4 үміткер үздік аттестатты  растады. ҰБТ бойынша орташа балл 74,9%-ды құрады. 2018 жылы жоғарғы оқу орындарына  103 түлек оқуға түсті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 32-ге артық. Екі инновациялық мектеп №15МЛ және №17МЛ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұнын енгізуді жалғастыруда. 2016 жылы 1 сынып оқушылары (1243 адам) жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасы бойынша оқытыла бастады. 2017 жылы жаңартылған білім мазмұны 2,5,7 сыныптарға (3673 оқушы) енгізілді. 2018 жылы 3,6,8 сыныптарға (3611 оқушы) енгізілді. 2019 жылы 4,9,10,11 сыныптарды жаңартылған білім мазмұнына көшіру жоспарлануда. 2018 оқу жылында оқулықтармен қамту 100%-ды құрайды.

2018 жылы педагогикалық корпус 1160 мұғалімді құрады. (2017 жылы – 1080 адам). Жаңа 2018-2019 оқу жылының басында 41 жас маман қабылданды. 72 педагог (16%) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ оқу бағдарламалары бойынша біліктілік арттыру курстарынан, Кембридж университеті білім беру факультетінің жаңа формациядағы педагогтар деңгейлік курсынан өтіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сертификатын алды. Ағылшын тілінің 40 мұғалімі ағылшын тілін оқытудың әдістемесі бойынша білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында курстан өтті. Мұғалімдердің 75%-ы жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, 64%-ы сол технологияларды өз жұмысында қолдануда. Бүгінгі таңда 343 педагог Кембридж университетінің деңгейлік курсынан өтті, көрсеткіш қала бойынша жалпы мұғалімдер санының 32%-ын құрайды.

2018 жылдың мамыр-маусымында мұғалімдер жаңа ереже бойынша аттестаттаудан өтті. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 725 мұғалім аттестаттау қорытындысы бойынша біліктілік санаты үшін 30-дан 50%-ға дейін және жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту үшін 30% қосымша ақы алады.

Мемлекеттік бағдарламада үштілдік оқытуды кезең-кезеңмен енгізу бойынша іс-шаралар көрсетілген. Биылғы оқу жылында облыстық пилоттық жобада №15МЛ өз жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда қалада 103 физика, химия, биология және информатика мұғалімі, соның ішінде ағылшын тілін меңгеріп, сертификат алған 57 педагог (55,3%) 38,0 мың теңге үстемесімен қызмет етеді. Қалған мұғалімдерді оқыту 2019 жылы жоспарлануда. Білікті кадр тапшылығы 3,8%-ды құрайды (математика – 15, тарих – 6, орыс тілі – 9, орыс тілінде оқытылатын бастауыш сынып – 3, ағылшын тілі – 6 мұғалім қажет).

Білім беру сапасын арттыру мақсатында қалада білім беруді сандық жүйеге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қала мектептерінің компьютер паркі 2517 бірлікті құрайды. Бір компьютерге 4,4 оқушы келеді. Жаңа модификация кабинетімен қамтамасыз ету – 80,6%, алдыңғы жылдан 3,6%-ға артық. 2018 жылы 6 жаңа модификация кабинеті (2 – химия, 1 –физика, 3 – биология) 27,8 млн. теңгеге сатып алынды. «Нұр Отан» партиясының 1000 мектепті ІТ-кабинетімен жабдықтау бойынша партиялық жобасын жүзеге асыру аясында қалада №8,10 ОМ, №17 МЛ базасында 12,6 млн. теңгеге ІТ-кабинеттері ашылды. Оқушылар сарайы базасында технологиялық парк ұйымдастырылды. Қаланың 13 мектебінде роботты техника зертханасы бар, көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 4 бірлікке артты. Барлық оқу кабинеттері «проектор-экран-компьютер» ПИК кешенімен жабдықталады. 2018 жылы тағы да 154 техника бірлігі сатып алынып, қазіргі таңда ПИК кешенінің саны 310-ға тең немесе 60%-ды құрайды. Барлық мекемелер кең жолақты интернетке қосылған, «Wi-Fi» орнатылған және электронды журнал енгізілген. «Білімал» оқушылардың жетістіктерін бақылау және есептеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне барлық мектептер 100% қосылған. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап «электронды кезек» бағдарламасы жүзеге асырылуда, осы  автоматтандырылған кезек жүйесіне  14 балабақша мен 8 шағын орталық кіреді.

Қаланың 33 білім беру мекемесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 778 бейнебақылау камерасы орнатылған. 2018 жылы ІІБ ОБО-ға 16 жалпы білім беретін мектеп қосылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру мақсатымен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының топтарында, жатын, киім шешетін бөлмелерінде 4,1 млн. теңгеге  қосымша 72 бейнекамера орнатылды. 2019 жылы балабақшаларда 139 камера орнатуға жергілікті бюджеттен 7,9 млн. теңге бөлінді.

Білім беру жүйесінің құрылымына балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыратын екі мектептен тыс мекеме – Оқушылар сарайы мен Өнер мектебі кіреді. Қосымша білім берумен 4341 оқушы  қамтылған  , яғни, 39,2%-ды құрайды. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысына қатысу  үлесі 9150 оқушыны  құрайды немесе 81%. 18 білім беру мекемесінде 6391 адамды қамтитын 484 үйірме мен 2843 оқушы қатысатын 132 спорт секциясы жұмыс істейді. № 4,8,10 орта мектептерде және  №15 мектеп –лицейінде  «Футбол сабағы» пилоттық жобасы жүзеге  асырылуда.

Қаладағы ерекше мұқтаждығы бар бала саны – 126. Мұқтаж балалар үшін 2010 жылдан бастап  «Ер Төстік» балабақшасында түзету топтары, 2012 жылдан бері  ата-аналарға педагогикалық сүйемелдеу мен медициналық көмек көрсету үшін «Ботақан» кеңес беру пункті қызмет етеді. №1 орта мектеп  базасында инклюзивті білім беру жағдайы мен мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытуда педагогтардың білім беру қызметіндегі кәсіби шеберлігін арттыру бағдарламасының модулі аясында жүзеге асыратын тағылымгер алаңы ұйымдастырылған. №1,5 орта мектептерінің 54 түзету сыныбында 70 оқушы білім алуда. Әр мектепте Қамқоршылық кеңесі мен жалпымектептік ата-аналар комитеті, тұрақты Аналар мен Әкелер кеңесі жұмыс істейді, ата-аналардың 99,1%-ы ата-аналар қауымдастығының құрамында енген.

2018 жылғы дерек бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 168, оның: 128-і – қорғаншылықта, 18-і – патронаттық тәрбиеде,18-і – балалар үйінде. Есеп беру кезеңінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан 9 пәтер бөлінді.

Жаз мерзімінде 17 жалпы білім беретін мектеп базасында 2702 баланы қамтыған 1-5 сынып оқушылары үшін 4 кезекте толық күнге арналған мектеп жанындағы легерь мен 2020 баланы қамтыған 5-8 сынып оқушылары үшін тамақтанусыз жазғы алаңдар жұмыс жасады. Маусым айында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің жанында толық күнді қамтитын 70 бала үшін  кәсіби лагерь жұмыс істеді. Жаз бойы ювеналды полиция есебінде тұратын 97 баланың 82-сі уақытша жұмыспен, еңбек практикасымен, қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьмен қамтылды. Жаңа оқу жылының басында 381 бала жалпы сомасы 3573,0 мың теңгені құрайтын киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: 1891,6 мың теңге – жалпыға білім беру қорынан, оның 1681,4 мың теңгесі – «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында демеушілік көмек есебінен көрсетілді.

Білім беру мекемелеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізудің төртжылдық жоспарына сәйкес, 2018 жылы  15 нысанға 262,9 млн. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының аясында облыстық бюджеттен 6 мектепке дейінгі ұйымда жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 77,1 млн. теңге бөлінді. Балабақшаны ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу процедурасын өткізу кезінде үнемделген қаражат көмегімен №24 орта мектеп жанындағы интернатының жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді (9354, мың теңге). Төртжылдық жоспардың  жүзеге асқан уақытынан бері 27 білім нысандарына жөндеу жұмыстары  жүргізілді.  Білім беру жүйесінде өткізілген барлық іс-шаралар ағымдағы оқу жылында да жалғасады. Материалдық-техникалық базасын жабдықтауға және нығайтуға 241,6 млн. теңге және 14 білім беру нысанына 374,0 млн. теңге бағытталған.

 

 

               Дене шынықтыру және

Спорт және белсенді өмір – тұрғындардың денсаулығын жақсартудың басты приоритеті және оларды үнемі дене шынықтырумен шұғылдануға тарту болып табылады

2018 жылы дене шынықтыру және спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 349 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қалада 165 спорттық ғимарат халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде, 4 спорт кешені, 2 стадион,  42 спорттық зал, 13 көпсалалы хоккей корты, 8 жасанды төсеніш пен аулалық спорт алаңдары бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы бағдарламасы бойынша 2018 жылы кәсіпкер-инвестор                                  С.Т.Қасымбековтің қаржысымен «Ақ Теңіз» жүзу бассейні ашылды және  «Сары Қазына» ЖШС қаржысына «Қоңырат» шағын ауданында спорттық және тренажерлік алаң тұрғызылды. Бассейнге бару үшін мемлекеттік тапсырыс аясында жергілікті бюджеттен жалпы саны 222 мүмкіндігі шектеулі жандар мен   көпбалалы жіне аз қамтылған отбасылардың балалары  жүзуге үйреніп, белсенді шұғылдану үшін  4 айға 7 млн. 673 мың тенге бөлінді. 2019 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында аталған санаттағы адамдардың бассейнге баруын қамту үшін 10 айға 19 млн. 181 мың теңге  бөлінді.

2018 жылы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны 25216 адамды құрады,  жалпы тұрғындар санынан 31,9 %.

Спорттық клубтарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тұрақты түрде дене шынықтыру шұғылданатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірмдер мен балалардың қамтылуы 1935 адамды құрайды.

Қалада 27 спорт түрі дамытылуда, оның ішінде, олимпиадалық спорт түрі – 14. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1000-нан астам спортшылар  әр түрлі деңгейдегі 63 спорттық жарысқа қатысып, 39 алтын, 56 күміс және 97 қола медальға ие болды. 97 спортшы 2,3 дәреже және 1,2,3 жасөпірімдік дәрежені қорғаса, бірінші спорттық дәрежені – 27 атлет, 19 адам ҚР спорт шеберіне үміткер нормативін орындады және 1 спортшы кикбоксингтен Қазақстан Республикасының  спорт шебері атағын алды.

  Жалпы саны 3729 (оның қатарында 289 бала) мүмкіндігі шектеулі жандардың 97-сі (2,7 %) секциялар мен үйірмелерде спортпен шұғылданады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттың төрт түрінен қалалық спартакиада өтті (армрестлинг, үстел теннисі, дойбы, шахмат), оған қатысқандардың саны – 80 адам.   17-18 мамыр аралығында қала құрама командасы спорттың 5 түрінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының спартакиадасына қатысып, жалпы командалық есепте 3-ші орынға ие болды.

           2018 жылы қалада барлығы 86 бұқаралық-спорттың және сауықтыру шаралары өткізілді, оның ішінде, 14000-нан астам спортшы қамтылған   7 облыстық, 5 республикалық, 4 халықаралық жарыстар. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2018 жылы қалада алғаш рет «Денсаулыққа жол» марафоны өткізілді, оған 1017 адам қатысты.

          Президенттік тестілердің қыстық спорт түрлері бойынша 18936 адам (24,0%), жаздық спорт түрлері бойынша – 24563 адам (31,2%) адам қамтылды. 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бокс, футбол, волейбол, каратэ, садақ ату және классикалық шахматты насихаттау бойынша 7 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды, оларға 3000-нан астам балқаштық қатысты.

«Балқаш қаласының футбол қауымдастығы» ҚБ бастамасымен футболдан «Металлург» қала құрама командасы алғаш рет Қазақстан Республикасы біріншілігінің «А» лигасында өнер көрсетіп, 4-ші орынды иеленді, «Достық» шығын футбол командасы Қарағанды облысының жоғарғы лигасында    23 команда арасында 5-ші орын алды. «Бертыс» хоккей командасы әуесқой түнгі хоккей лигасындағы Қарағанды облысы біріншілігінде өнер көрсетіп,  биылғы кезеңде 3 орын иеленді.

2018 жылы барлығы 55 млн. 579 мың теңгеге «Балқаш қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ және «Металлург» стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қоңырат ықшам ауданында тартанды төсенішпен 2 аулалық спорттық  алаң тұрғызылды. Жидебай батыр атындағы шағын аудандағы аулалық спорт алаңы жанындағы жасанды төсеніш жабыны ауыстырылды.  Аббатандырлыған аулаларда көшелік тренажерлер орнатылды, балқаштықтар қала үшін жасап жатқан осындай игілікті істерге ұқыпты қарап, оларды құртпай, сақтап,   вандализмге жол бермеуі қажет.  Тәртіпсіздік орын алған жағдайда қолданыстағы заңдама  аясында қатаң жаза қолданылатын болады.

       2019 жылы спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жалғасады

 

Мәдениет және тілдерді дамыту

 

Балқаш қаласының мәдениет бөлімінің құрамында «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Тілдер орталығы» КММ, «Балқаш қаласының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК, «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК, «Саңыраулар клубы» КМҚК, Саяқ және Гүлшат кенті клубтары бар.

  Мәдени мекемеде 48 клуб құрамы жұмыс істейді, оның ішінде     2 ұжым: «Живая память» халықтық ардагерлер хоры және «Ветерок» үлгілі би ансамблі «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие. 2018 жылы «Арлан» хореографиялық ұлдар тобы, «Жүргізуші және ойын-сауықшылар студиясы», «Сиқырлы қыл қалам» бейнелеу өнері үйірмесі, «Колибри» вокалды-аспапты ансамблі, «Күй керуені» екінші домбыра үйрететін үйірмесі жаңадан ашылды.  «Ветерок» үлгілі би ансамблінің түпнұсқасын сақтау мақсатымен, ансамблдің  репертуарын жаңарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Рухани қазына» бағдарламасы  бойынша М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында жергілікті суретшілер галереясы ашылды.

  Шығармашылыққа қолайлы жағдай жасау үшін М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында жөндеу жұмыстары кезең –кезеңмен жүргізілуде, 2018 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары 56 1401,0 мың теңгеге жүргізілсе, 2019 жылға 143 814,0 мың теңге бөлінді.

  2018 жылы қаланың мәдени-сауық мекемелерінде әр түрлі жас және әлеуметтік топтар үшін 176 мың адамнан аса қамтылған 313 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шаралар мемлекеттік, мерейтойлық және атаулы күндерге, «Рухани жаңғыру», тіл, жастар саясатын және мәдениетті насихаттауға бағытталған. Басты шаралар  Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

  «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасы және 7 кітапхана филиалдарынан тұрады. 2018 жылғы оқырмандар саны 20508 адамды құрады, кітап беру саны –  421054 дана, кітапханаға барушылар саны – 136302 адам. 2018 жылдың аяғында Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалпы саны 308360 данадан тұратын кітап қоры, оның ішінде, қазақ тіліндегісі 86707 дананы құрайды. 2018 жылы жергілікті бюджеттің кітаптарына – 4338,7 мың теңге, мерзімді басылымға – 3000,0 мың теңге бөлінді. Есеп беру кезеңінде 8074,2 мың теңгеге екі кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кітапхана жүйесінде электронды каталог бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2018 жылдың соңында библиографиялық жазбалардың саны 46976-ны құрады. Өлкетану басылымдарымен қамту бойынша жұмыстар жалғасуда,  2018 жылдың соңында олардың саны 187 дананы құрады.  Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 10809 адамның қатысуымен 227 іс-шара ұйымдастырылды.  Оқырмандарды тарту мақсатында мобильдік ОКЖ (орталықтандырылған кітапхана жүйесі)  қосымшасы, блог пен сайты, Орталық кітапханада  COWORKING орталығы ашылды, ОКЖ-нің әлеуметтік желісінде апта сайын кітаптарды ұсынумен //bookstagram, //bookshelf, //букфейс хэштегімен апта сайын рубрикалар жүргізіледі, «Білім көзі» кітап жүйесі құрылды,   «Айдындағы өрнектер» эбру сурет салу көрмесі, «инстаграмм» желісінде «Сүйікті кітабыммен селфи» акциясы, «Литературный автобус», «Библиотакси» акциялары,  «Менің сүйікті кітабым» Bookdating,  «Кітап – асыл қазына» флешмоб-акциясы, «Приглашаем в Книжкин дом» библиосейшн және басқа да іс-шаралар өткізілді. Орталық кітапхана жүйесі  «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға үлкен назар аударады, оның аясында 2018 жылы «Кітапханадағы бір күн», «Кітап сыйлау күні» акциялары, «Город, рожденный в степях Прибалхашья» брейн-рингі және 6 жергілікті ақын, журналистің  шығармашылық кештері өткізілді.

Балқаш қаласының тарихи-өлкетану музейінің жалпы қоры 48331 бірлікті құрады. 2018 жылы музейдің негізгі қоры 400 экспонатқа толықты. Есепті кезең аралығында барлығы 67 көрме, 554 экскурсия, 49  дәріс, 64 кеңес өткізілді. 2018 жылы келушілердің жалпы саны 42,4 мың адамға жетті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асырылуына байланысты қаламызда мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 85%-ды, орыс тілін меңгеру үлесі – 84%-ды, ағылшын тілін меңгеру үлесі – 21%-ды, үш тілді меңгергендер үлесі 14%-ды құрады. 2018 жылы тілдер саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен  24121,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылы қазақ тілі курсында – 260 адам, ағылшын тілі курсында 175 адам оқытылды. Сонымен қатар, 2018  жылдың  сәуір айынан бастап «Возрождение» этно-мәдени орталығының 15 адамына алғаш рет (неміс тілі) бойынша сабақтар өткізілді.

2018 жылы үштілділікті насихаттау мақсатында 3000 адамды қамтыған 12 іс-шара өтті.

Мемлекеттік тілдің мазмұны бұқаралық ақпарат құралдарында 50%-ды құрайды, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ол 68% болуы тиіс. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылдан бастап «Достар» журналын мемлекеттік тілде 80%-ға  дейін шығару жоспарланып отыр. «Тілдер орталығы» КММ-нің бекітілген жоспарына сәйкес, «Үштілділік» жобасы бойынша «Балқаш ТВ» телеарнасы арқылы жылына 24 бейнесабақ, «Өркен Медиа» телеарнасы арқылы бейнероликтер жарияланады. Қала тұрғындарын жаңа әліпбимен таныстыру барысында 2018 жылдың қаңтар айынан бастап  «Северное Прибалхашье» газетінде «Читаем, изучаем» айдарында 48 тақырыптық жинақ сөзі жарияланса, «Балқаш өңірі» газетінің «Оқиық, үйренейік» айдарында қазақ тілінде 48 тақырыптық жинақ сөздер кириллица және латын графикасында  берілді.

 

Жастар саясаты

 

Балқаш қаласында 16726 жас буын өкілі бар. Жастармен ақпараттық-әдістемелік жұмысты жүргізуді, жастардың бастамаларына кеңес беріп, қолдау көрсетіп, жастар арасындағы ахуалды сараптауды Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады.

Қала жастары үшін 2018 жылдың басты жаңалығының бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жастар коворкинг орталығының ашылуы. Орталық қажетті техникалық жабдықпен толық қамтылған. Мұнда «Рухани жаңғыру» орталығы, еріктілер штабы, , жас заңгерлер, бейнемонтажға оқыту, кітаптар мен кинокартиналар мазмұнын талқылау клубтары, ұлттық ойындар, логикалық ойлау, шешендік өнер, киберспорт және музыка клубтары жұмыс істейді.

Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын насихаттау және тұлғаның позитивті имиджін қалыптастыру мақсатында орталық «Қоңырат Мыс компаниясы» ЖШС-ге, «Сары Қазына» және «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-леріне оқушылар мен жұмысшы мамандығын таңдаған студенттердің «Ашық турникеттер күні» акция-экскурсияларын ұйымдастырды. Бұл іс-шаралар барысында кәсіпорындардың мамандары жастарға еңбек қауіпсіздігі шарттарын, өз кәсіптерінің негізгі тетіктерін таныстырды.

«Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 45 жас жұмыспен қамтылып, 28284 теңге көлеміндегі еңбекақылары жергілікті бюджет есебінен төленді. Үстіміздегі жылы «жасыл елдіктердің» қатары артады.

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту  мақсатында «Қала әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға арналған гранты» жобасы іске қосылды. Жоба аясындағы қаражат Балқаш қаласы, Саяқ, Гүлшат кенттерінің жаңа кәсіп ашуға және бизнесін  ұлғайтуға ниетті жастарына беріледі. 2018 жылы гранттың жалпы көлемі 3 млн. теңгені құрады. Конкурстық комиссия шешімімен 3 адам грант жеңімпазы атанды. Биылғы жылы грант көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Жастардың дексаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау – қаладағы жастар саясатының негізгі бағыттарының бірі.  Білім беру мекемелерінде 170-тен астам спорттық секция жұмыс істейді. Спорттық клубтарда жаттығатын жастардың саны 10000 адамнан (55%) асады.

2018 жылдың наурызында «Балқаш қаласының №1 емханасы жанынан «Ғибрат» жастардың денсаулығы орталығы» құрылды. Орталық есепті кезең аралығында 300 жасқа қажетті кеңес берді.

Жастардың өзін-өзі басқару органдары серпінді дамып келеді. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерінде, «Локомотив депосы» АҚ, «Су Жылу Транс» КМК жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Жастар одағы және «Жастар» еріктілер қозғалысы (құрамында 150-ден астам адам бар) өз жұмыстарын жүйелі жолға қойған. Сондай-ақ, 32 жастар клубы Жастар ресурстық орталығымен үйлесімді байланыс орнатқан.

Есепті мерзім аралығында қала жастарына арналған 26000 адамның басын қосқан 135 іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік жастар саясатын сәтті жүзеге асыруда ақпараттық-әдістемелік қолдау үлкен маңызға ие. Қала жастарының ақпараттық тынысын кеңейту мақсатында «Достар» журналы жарық көреді. Жас буынмен ақпарат бөлісу және оларды бұқаралық шараларға шақыру мақсатында «Балқаш жастары» брендімен «вконтакте» (4916), «инстаграмм» (4244), «фейсбук» (4462), «телеграмм» (205) сияқты әлеуметтік желілерде аккаунттар іске қосылған.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жас буынды жігерлендіру, шығармашылыққа, кәсібилікке баулу мақсатында жыл сайын қала әкімінің «Өркен» сыйлығы табысталады. Бұған дейін оның  көлемі 50 мың теңге болса, 2018 жылы бұл сома 70 мың теңгені құрады.

Елімізде 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай, Балқаш қаласында жастарға қолайлы жағдай жасау, қажетті білім беру және патриоттарды , бәсекеге қабілетті жас буынды тәрбиелеу мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Жастар қаланың өміріне  белсене қатысуы қажет.

                            

Ішкі саясат

 

      Бұл бағытта мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүзеге асыруға терең мән беріледі. 2018 жылы Мемлекет басшысы Жолдауының, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, өзге де мемлекеттік бағдарламалық құжаттардың негізгі мазмұнын және жергілікті атқарушы органдар жұмысын халыққа таныстыру мақсатында телеарналар мен газеттерде 246 материал жарыққа шықты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылдың 5 қазанындағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауларын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат тобының мүшелері 2018 жылы 130 кездесу өткізді. Оған 10000 адам қатысты.

      Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру да ерекше назарда. Құжаттың үшінші бағыты – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағытында 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарының  грантына балқаштық 103 түлек (2017 жылмен салыстырғанда 32-ге артық) қол жеткізді. 2018 жылы Балқаш медициналық колледжінің 240 орындық жатақханасы 197,4 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. 28,0 млн. теңгеге жаңа жиһаз, тұрмыстық техника сатып алынды. Бұл медициналық колледж студенттерінің жатақханаға деген сұранысын толығымен қанағаттандырып, оларды өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Ә.Мусин атындағы БГТК-ның 180 орындық жатақханасын жөндеудің үш жылдық жоспары жасалынып, өткен жылы 56 млн. теңгеге аталмыш ғимараттың шатыры, қасбеті жөндеу көріп, есіктері мен терезелері ауыстырылды, сондай-ақ, жиһаз сатып алуға облыстық  бюджеттен 7 млн. теңге бөлінді.

       Мемлекет басшысының шағын несиелендіру бағдарламасының көлемін ұлғайтуға бағытталған төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облыстық филиалынан мал шаруашылығын дамыту үшін  Саяқ және Гүлшат кенттерінің 5 тұрғынына жалпы көлемі 16,7 млн. теңге шағын несие берілді.

       Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен жылы жалпы сомасы 89 млн. 200 мың теңгені құраған, оның ішінде, 44 млн. 700 мың теңге  демеушілер қаражаты, 16 млн. 800 мың теңге мемлекеттік емес ұйымдар есебінен 16 жоба жүзеге асты

     «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы арқылы М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында жергілікті суретшілер туындыларының галереясы ашылды. «Бай дәстүрді жалғастырушылар» жобасы  бойынша 3 фестиваль өткізілді, оның біреуі халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Барлығы 100 мыңнан астам адамды қамтыған 20-дан астам өзге де іс-шара өткізілді.

      «Атамекен» ішкі бағдарламасы, «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасы аясында халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын әлеуметтік қолдауға арналған 4 ұзақ  мерзімді жоба жүзеге асырылуда. 2018 жылы мемлекеттік емес ұйымдар есебінен қаржыландыру көлемі 20800,0 мың теңгені құрады. 2018 жылы бұл жобалар бойынша 531 адам 2146 арнайы әлеуметтік қызметтерді алды. «Туған жер» жобасы арқылы М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайы жанынан «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығы және жастар коворкинг орталығы ашылды. «Сары Қазына» ЖШС өз қаражаты есебінен Қоңырат ықшам ауданында балаларға арналған ойын және жаттығу алаңын (қоршауымен) орнатты. Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында жеке кәсіпкер А.Сокульский Ленин көшесінде «Рухани жаңғыру» логотипін орнатты.

     «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы арқылы 6 жоба: «Абай – руханияттың алтын қазығы», «Ұлан» әскери-патриоттық қозғалысы, «Re: актив» ерікті жастар қозғалысы», «SPORT PROJEKT «Aguatica» (Акватика), «Күләш Байсейітова өнерінің рухани сабақтастығы», «РТ білім бағдарламасы – «Стоп-кадр» студиялары» жобалары жүзеге асып, мектептердің 5280 оқушысы мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 220 тәрбиеленушісінің қатысуымен 58 іс-шара өткізілді.

      Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады.

      3 саяси партиямен, 12 кәсіподақ ұйымымен, 4 этно-мәдени орталықпен, 27 үкіметтік емес ұйыммен және 14 діни бірлестікпен үйлесімді байланыс орнатылып, олардың өзекті мәселелерін шешуге көмек беріледі. Үкіметтік емес ұйымдармен байланыстың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру. 2018 жылы осы бағыттағы 21 жобаны қаржыландыру көлемі 92, 5 млн. теңгені құрады (2017 жылмен салыстырғанда 63%(58,8 млн. теңгеге артық). Нәтижесінде, біз ардагерлерімізге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, өмірдің қиын сәттеріне душар болған адамдарға қолдау көрсетіп келеміз.

     Жергілікті атқарушы билік алдындағы негізгі міндеттің бірі – діни бірлестіктермен өзара ынтымақтастық орнату. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасын табуда. Қаламызда радикалды діни ағымдардың идеологиясын таратудың жолын кесу мақсатында құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндірмелі топ 2018 жылы халықтың түрлі санатымен 189 кездесу өткізді. Осы мақсатқа мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен 4 млн. теңге бөлінген

 

Қоғамдық қауіпсіздік

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 5 институционалдық реформасы жүзеге асыруға бағытталған <<100 нақты қадам ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында учаскелік полиция инспекторларының халықпен кездесулерін ұйымдастыру жүйелі жолға қойылды. Өткен жылы 84 кездесу ұйымдастырылды. Қоғамдық тәртіпті күшейту мәселелері  бойынша халықтан 20-ға  жуық келіп түскен шағым-арыз қаралып, ұсыныстар назарға алынды.

Қаладағы қылмыстық ахуал туралы айтсақ, ауыр және аса ауыр қылмыс жасау көрсеткішінің 13,6%-ға , (103-тен 89-ға), автокөлік ұрлау 20%-ға (15-тен 12-ге), тонау 60%-ға (10-нан 4-ке), денсаулыққа орташа зиян келтіру 56,6%-ға (23-тен 10-ға) төмендеді. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 5,6%-ға (161-ден 152-ге) төмендеді, соның ішінде, көшелерде 89-дан 85-ке дейін және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар  4-тен 0-ге дейін төмендеді. Дегенмен, тұрмыстық деңгейдегі, ішімдік ішу салдарынан жасалатын қылмыстар мен алаяқтық фактілері азайған жоқ. Жыл басынан бері азаматтарды қоғамдық тәртіпті күшейту жұмыстарына қатыстыру қолға алынып, 25 адам қоғамдық тәртіп сақшыларының көмекшісі атанып, олардың көмегімен 2018 жылы 87 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 312 мекен-жай бойынша тексеріс жүргізілді.

 

Мемлекеттік  қызметтер  көрсету

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мемлекеттік қызметті сапалы және электронды нұсқада көрсетуге жіті мән беріледі. Қала әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ай сайын мониторинг жүргізеді. 82 мемлекеттік қызметтің 52-сі, яғни 62%-ы ХҚКО арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің 54%-ы электронды түрде көрсетіледі, бұл көрсеткіш 2019 жылы 80%-ға жеткізіледі. 

Әкімдіктің ресми интернет ресурстарында мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылып, олар ай сайын жаңартылып отырады. Орта есеппен, әкімнің сайтын бір күнде 370-400 адам қарайды.  2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қамтыған 67 мақала жарық көрді.

  Азаматтардан келіп түсетін барлық ақпараттар қала халқының өзекті мәселелерін дер кезінде реттеуге көмегін тигізеді.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

 

Жеке және заңды тұлғалардың шағым-ұсыныстары Қазақстан Республикасы Президентінің 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы билік органдары мен халық арасында ашық байланыс орнаған. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарын қарау реті туралы Заңын қатаң сақтау жүйелі жолға қойылған. Жалпы,  2018 жылы азаматтардан 2187 (2017 жылы – 1857) ұсыныс-шағым келіп түсті. Олардың    23,3%-ы жер мәселелерін, 17,5%-ы коммуналдық шаруашылық мәселелерін  қамтыды.

Қала әкімінің блогына 18 ұсыныс-шағым келіп түсті. Оның ішінде  коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша 39 %-ды құрады. Барлық ұсыныс-шағымдар уақытылы зерделеніп, қажетті жауабы беріледі.

Қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына 280 ауызша және жазбаша ұсыныс – шағым  қаралды.

 

Құрметті балқаштықтар!

 

Жоғарыда айтылған барлық іс-шаралар,  негізгі міндет - қала халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. 2019 жыл біздің алдымызда жаңа міндеттер жүктелді. Біз Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында нақтыланған дамудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыруымыз қажет. Балқаштықтар барлық міндеттерді атқарып, қаламызды дамудың жаңа сатысына жетелейді деген сенімдемін.


Дата редактирования: 22 Сәуір 2019

© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх