Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk
24.01.2020

ҚТЖ барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде


Темір жол бөлімшелерінде апаттық бригадалардың тәулікбойғы кезекшілігі ұйымдастырылып, күрделі метеожағдай кезіндегі пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар қабылдануда. Тек 22-23 қаңтарда 8 мың шақырымнан астам жол аршылып, 34 мыңнан астам текше метр қар әкетілді. 

 Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей және Ақтөбе темір жол бөлімшелерінде барлық қарданаршу және қартазарту техникалары іске қосылған. 

 Жол монтерлері мен өзге теміржол кәсіпорындары жұмысшыларының келісілген іс-әрекеттерінің арқасында, ауа райының құбылуына қарамай, барлық пойыздар кесте бойынша жүруде, - деп атап көрсетті «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері Дәурен Қабас. 

 Теміржол бөлімшелері мен магистральдық желі, станциялар, локомотивтер мен вагон пайдалану деполарының басшылары тәулікбойы кезекшілікті жүргізуде. Барлық қызметкерлермен қатты аяз бен жел болған кезде еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі жоспардан тыс нұсқаулықтар өткізілді. 

 Жол бөлімшелері диспетчерлік және кезекшілік аппаратына өтіп бара жатқан пойыз машинистерінің, жол шаруашылығы мен өзге де қызмет қызметкерлерінен стандартты емес жағдайлар туралы келіп түскен ақпараттары бойынша дер кезінде шаралар қабылдау және үнемі жағдайды бақылауда ұстау тапсырылды. 

  Теміржолшылар азаматтар мен жүргізушілерді темір жолдар мен өтпелерді кесіп өтер кезде жол жүру ережелерін қатан сақтауды, сондай-ақ көру қиындаған, мұздақты және қар басуы жағдайында ұқыпты және мұқият болуға шақырады.



Кері қайту

© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх