Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk
23.02.2018

Қателесіп немесе артық төленген медициналық сақтандыру төлемдерін қалай қайтып алуға болады


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының  мәліметінше,  төлем жасалғанын растайтын құжаттар (стандартты анықтама немесе төлем құжатының көшірмесі) өтінішке қоса тігіледі. Мемлекеттік корпорация арызды келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тексеріп, жарна мөлшерін, өсімақы бар-жоғын анықтайды.

«Содан соң өтініш төлем реквизиттерімен бірге Медициналық сақтандыру қорына жіберіледі. Қор артық немесе қателесіп төленген ақшаны жеті операциялық күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның есеп-шотына аударады. Қаржы қайтарылмайтын болса оның себебін түсіндіретін мәліметтерді жолдайды»- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сақтандыру төлемдері жайлы мәліметті "электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат "жеке кабинетке" кіріп, МӘМС төлемдерінің қашан жасалғанын біле алады.

Хабарламаға сүйенсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жүйе екі жылға кейінге шегерілді. Соған байланысты барлық жеке тұлғалар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылға дейін жарна төлеу міндетінен босатылды. Ал, жұмыс беруші қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар тегін көмек алуға құқылы

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар еліміздегі емханаларға ешбір кедергісіз тіркеле алады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, аталған азаматтар кепілденірілген тегін көмек пакетіне кіретін медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға құқылы. Мұндай норма ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" кодексінде бекітілген. Оның үстіне, әдетте Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар қазынаға ел тұрғындарымен бірдей салық төлейді.

Ал, елімізде уақытша тұрып жатқан шетел азаматтары болса тегін медициналық көмек пакетін толық пайдалана алмайды. Олар қоршаған ортаға қауіп төндіретін өткір аурулардан ғана тегін емделеді.

Бұған дейін хабарланғандай, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кепілдік берілген тегін көмек пакетіне енетін қызметтер тізімі қайта қаралмақ. Оңтайландырудың негізгі мақсаты - болашақта мемлекет үшін тиімділігі төмен әрі шығыны көп диспансерлік жүйеден бас тартып, оның орнына созылмалы сырқаттарды қашықтықтан диагностика жасау және амбулаторлық емдеу тәсілдерін пайдалану арқылы емдеу жүйесіне көшу.

Мәселен, биыл Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге 171 медицина ұйымы ниет білдірген болатын. Оның 73-і - жеке меншік клиникалар. Осылайша, халыққа тегін қызмет көрсететін жеке меншік ұйымдар саны 2017 жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр. Олармен бекітілетін келісімшарттардың жалпы сомасы 84 млрд теңгеден асып жығылады.

 

 



Кері қайту

© 2007-2018 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх