Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk
23.02.2018

Стратегия-2025: экономиканы жаңғыртудың негізгі тетіктері


 «Стратегия  құжатында  2025 жылға қарай қала халқы  100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтылады, ал ауыл халқы  80  пайызға  ауыз сумен қамтылатындығы көрсетілген.  Ауыл халқы     ауыз сумен бүгінгі таңда   55 пайызға қамтылған.  Сондай-ақ,  2025 жылы халықтың өмір сүруі зақтығын   75 жасқа ұзарту көзделген. Ол үшін   денсаулық сақтау,  сауалатты өмір салтын дамыту мәселерін қарастыру көрсетілген.  2025 жылға қарай    ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерлік  көрсеткішін 15 пайызға арттыру жоспарланып отыр», -  Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышева.

Парасат стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Найля Әлмұхамедова Стратегия-2025 құжатындағы ең негізгі үш басым саланы тілге тек етті.

«Стратегияның мәтінінде негізгі үш сала көрсетілген. Яғни, 3  базалық сала. Ол,  ауыл шаруашылығы, құзғығы, транспорт логистикалық салаларының өнімділік деңгейін жоғарылату.  Экспортқа арналған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Үшінші бағыты жаңа салалларды дамыту, бұрын соңды Қазақстанда пайдаланылмаған салаларды дамыту болып табылады.  Сондай-ақ,  базалық салалармен  қатар  индустриялық сала  да қамтылған.  Бұл саясат да дұрыс. Себебі, кей салалар еленбей қалуы да мүмкін болады.  Мәселен,  жеңіл өнеркәсіп тетікті    түрде дамымаған  деп айтуға болады.  Ол ел ішінде бәсекеге қабілетті болуы керек», - деді ол.

Ал,  өнім өндіруде  экспортқа  басымдықтың берілуі туралы  Айжан Мұқышева толығырақ айтып берді.

 «Біздің ішкі нарығымыз өте аз. Экспортқа басымдық бергеніміз де осы. Импортты алмастырудан гөрі экспорт тиімді,себебі   бізде халық саны аз. Сондықтан да, шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетті болатын тауарларды шығару керек. Үлкен  көлемді өнімді өндіру арқылы  нәтиже жақсы болуы мүмкін. Олардың бәсекеге қабілетті бола алатын нарықтарды іздестіріп, сол елдерге қарай ыңғайлануымыз керек», - деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы стратегиялық  құжаттағы маңызды мәселенің бірі  адами капитал екендігін  айтты.

«Адами капитал стратегияда негізгі тармақ. Құжатта білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп отыр, оның әр тармағына   жоспарлы түрде талаптар қойылып отыр.   Білім беру саласына бөлінетін қаражатты арттырумен қатар оның сапасына да ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта креативті  қабілетті дамытуға  ерекше көңіл бөлуге ден қою қарастырылып отыр.  21 ғасырда сұранысқа ие қабілеттерді дамығамән берілген. Цифрлық заман талабына сай бағдарламалау, ақпараттық технологияны дамытуға басымдық беріледі», - деді Айжан Мұқышева.

Айжан Мұқышеваның айтуынша, тоқтап тұратын  уақыт өткен. Қазір минут сайын жаңашылдықтар еніп жатыр. Соған икемделіп,  адам да дамуы керек.

«Біз заман талабына сай   болуымыз керек. Заман ағымына қарай қандай  талап қойылады, соған орай өзгеріп отыруымыз керек.  Бұл құжатта аталмыш   жағдайлар қарастырылған. Әр бес жыл сайын  жаңа мамандық шығып, кейбірі жойылып жатыр. Сондықтан да адам жаңа қабілеттерді игеріп, икемділікте болуы керек. Сол кезде экономика дамып,  алға қарай жылжу болады», - дейді сарапшы.

Бұнда өзгерістер тек Қазақстан бойынша ғана емес, әлем бойынша жылдамдықты талап етеді дейді  Найля Әлмұхамедова.

«Мұндай мәселе тек Қазақстанда ғана орын алып отырған жоқ. Ол әлем елдерінде бар. Жаңа мамандықтар шығып жатыр, өндірісте біз жаңа  технологиямен жұмыс істейтін мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан да техникалық сала да  реформалануы керек. Бұл жұмыссыздықтың да алдын алу.Қазіргі кезде барлығына тегін  кәсіптік білім беру жүзеге асырылуда. Алайда, оның ішінде бұрыннан келе жатқан   жонушы, қырнаушы  дегендер әлі  бар. Оларды жаңа мамандықтармен алмастыру керек  деп ойлаймын. Оларды оқытатын мамандар да білікті болуы керек. Орта арнайы білім беретін ұйымдарға барған жөн», - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшылар шағын және орта бизнес саласында бірден нәтиже болмауының себебін түсіндірді. Олардың пікірінше, кәсіпкерлер бизнесінің ұзақмерзімді жоспарын жасамайды. Жаңа бизнесті бастау үшін тәуекелге белді буа алмай  отыр.

 «Мемлекет тарапынан несилендіру бар. Мәселен, «Даму» қоры.  Алайда, ол барлық кәсіпкерлерге жетеді деп айту қиын. Бұлар бойынша кәсіпкерлер  бірнеше талаптарға да сай болуы керек. Кәсіпкерлер    географиялық кеңістігін кеңейту бойынша ақсап тұр. Ол жағынан біліктілікті арттыру керек», - деді Айжан Мұқышева.

Айта кетейік,  ақпанның 20-ы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті. Бұл құжат ел экономикасының барлық салаларын қамтиды.

Аягөз Құрмаш



Кері қайту

© 2007-2018 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх