Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Новости Республики Казахстан



16.07.2019 Қ.Тоқаев: Негізгі мақсат – халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсарту
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінен кейін алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Үкімет мүшелері, яғни министрлер, мегаполистер мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік орган басшылары қатысқан жиында бірқатар мәселелер қаралды. Президент алдында өз саласы бойынша ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров және ҚР премьер-министрі Асқар Мамин есеп берді.



16.07.2019 Шешілмейтін мәселелер жоқ – Сенаторлар өңірлерді аралады
Сенат депутаттары еліміздің аймақтарына сапар аясында жергілікті тұрғындармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мән-жайымен танысқан халық қалаулылары бірқатар бастамаларға себепші болды. Сенат депутаттарының аймақтарға жасаған сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.



15.07.2019 Ұйғыр диаспорасы Қазақстанға дән риза
Ұйғырлар – Қазақстандағы ең ауқымды этностардың бірі, халық саны бойынша орыс, өзбек, украиндардан кейін төртінші орын алады. Ұйғыр халқы барлық Орталық Азия мемлекеттерінде өмір сүреді. Алайда, басым бөлігі Қазақстанда оның ішінде, Алматы қаласы мен облысында тұрады. «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер Долқунтай Абдухалилдің айтуынша ең бақытты ұйғырлар Қазақстанда тұрады. Оған негіз де жоқ емес. Бүгінде аталмыш диаспора Қазақстанда тілі мен салт-дәстүрін сақтап, Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік тыныс-тірішілігіне атсалысып келеді.



12.07.2019 Қазақстандықтар салығының өсімпұлдары кешіріледі
Қазақстан республикасы қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов Қазақстан республикасы Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте салықтық рақымшылық шарттары мен өткізілу реті, салық берешегі туралы түсіндірді. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылылық бойынша тиісті заңға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойған және ол заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінде күшіне енеді.



12.07.2019 Қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығының болашағы зор болмақ
Душанбеде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Кездсу барысында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды.



11.07.2019 «Қорғас» ШЫХО туризм тетігі бола ала ма?
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Қытай бағыты бойынша туризмді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Елордамызда өткен Қорғас қаласының мамандандырылған туристік іс-шарасы аясында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасының» туристік мүмкіндіктері таныстырылып, «Қорғас» арнайы-экономикалық аймағының қытайлық туристерді тартудағы рөлі талқыланды.



11.07.2019 Қазақстан нейрохирургиясы жыл сайын 3000 операция жасайды
Осымен екінші рет өткізіліп жатқан Еуразиялық қауымдастықтың съезіне шетелден 205-ге жуық маман келіпті. Жиында сала дәрігерлері балалар нейрахирургиясы бойынша жас мамандардың білімін жетілдіру мәселесі бойынша кеңінен сөз қозғап, аурудың пайда болу себептері мен алдын-алу мәселері туралы талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. 2019 жылғы 11-13 шілде аралығында Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Балалар нейрохирургтарының еуразиялық қауымдастығының II съезі өтіп жатыр.



10.07.2019 Қазақстанда өнеркәсіптің даму деңгейі – ҚР ИИДМ мәлімет берді
Осы жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 2% - ға, тау-кен секторының дамуы нәтижесінде 0,7%-ға және өңдеу өнеркәсібі 3,6%-ға өскен. Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығында еліміздегі өнеркәсіптің даму деңгейі туралы мәлімет берді.



10.07.2019 Қай елдерде инфекция жұқтыру қауіпі зор? – ҚР Бас санитары ескертеді
Қазақстанда соңғы екі жылда оба, туляремия сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, денге қызбасы, тырысқақ сияқты ауру түрлері тіркелген. Осы аурулардың ошағы болып табылатын Оңтүстік шығыс Азия елдері, Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттерінде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға Қазақстан республикасы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин абай болуды ескертті. Ол сондай-ақ баратын мемлекет туралы алдын-ала ақпарат біліп, екпе егіп шығуға кеңес берді.



10.07.2019 Отандық автокөлік өндірісінің жай-күйі қандай?
Елімізде өткен жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 19,2% үлес автомобиль жасау өндірісіне тиесілі екен. 2018 жылдың қорытындысына сүйенсек, өндіріс көлемі 205,9 миллиард теңгені және жалпы саны 32 298 көлік құралын құраған. Ал, нақты көлем индексі (НКИ) 2018 жылы 114,0% болыпты. Осы орайда, Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығында индустриаландыру және автомобиль өндірісін дамыту туралы мәліметтер берді.



© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх