Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

25.03.2020

Қала әкімі медицина және полиция қызметкерлеріне алғыс айтты


Бүгінгі күні еліміздегі төтенше жағдайда медицина және полиция қызметкерлерінің алдына уақыт талабына сай жауапты міндеттер қойылды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты 19 наурыздан бастап қаламыздың барлық қызметі күшейтілген режимге көшірілді. Алматы – Екатеринбург автожолында қалаға кіре берісте санитарлық-карантиндік бекет орнатылды.


Қаламыздың медицина және полиция қызметкерлері күні-түні өтіп жатқан автотранспорттарды тоқтатып жолаушылар мен жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексереді. Күніне 1000-ға жуық машиналар тоқтатылып, жолаушылары тексерістен өткізіледі.

Бұдан басқа, медицина және полиция қызметкерлері күн сайын қонақ үйлер мен жалдамалы пәтерлерге рейд жасап, қала қонақтарының денсаулығын тексеріп, оларды бақылауға алады. Сондай-ақ, шет елдерден оралған жерлестерімізді 14 күндік карантинге орналастырады. Осы жауапты, қиын жұмыстарды олар демалыссыз, мереке күндерінде де атқаруда. Бүгінгі қиын жағдайдағы медицина және полиция қызметкерлерінің нағыз ерлікке толы жұмыстарын біз бағалап, оларды құрметтеуіміз қажет.


Балқаштықтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғап күні-түні жұмыс жасап жатқан медицина және полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх