Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

25.03.2020

Қала әкімі ұстаздар мен волонтерлерге қиын уақытта көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді


Қаламыздың жастары мен педагогтары қашанда патриотизм биігінен көрініп келеді. Олар қазірде қайырымды істерден тыс қалмады. Қаламыздың волонтерлері біріге отырып, медициналық маска тігіп, оны таратуда, жалғыз басты зейнеткерлерге , көп балалы және аз қамтылған адамдарға азық-түліктер жеткізуде, балардың ойын және тренажер алаңдарына дезинфекциялық жұмыстарын жасауда.


Олардың бұл қайырымдылық бастамалары әрбір балқаштық үшін үлгі болмақ. Өз үлестерін қосу үшін қала мектептерінің 250 мұғалімі мереке күндері облыстық қордан бөлінген 10 мың метр марліден медициналық маска тігуді ұйымдастырды. 35 мыңға жуық бұл маскалар қаланың емханаларында бекітілген 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға таратылатын болады.


«Қаламыздың ұстаздар мен волонтерлеріне қиын уақытта көрсеткен көмектері үшін алғысым шексіз.


Өздеріңіздің патриотизмдеріңізбен, мейірімділіктеріңізбен барлық қала тұрғындарына шабыт бересіздер».



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

12°
В Балхаше: облачно, Влажность 56%, Давление 713, ветер 8 м/с

Валюта курстары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх