Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

13.03.2020

13 наурызда қала әкімінің төрағалығымен мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысы өтті.


Балқаш қаласының аумағында қажетті санитарлық-карантиндік бақылау шаралары қабылданды. Қала әкімінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру үшін қалалық штаб құрылды. Қаланың медициналық ұйымдары күшейтілген жұмыс режиміне ауысты, медициналық қызметкерлермен дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қабылданған шешімдерді іске асыру аясында қалада 13 наурыздан бастап бұқаралық мәдени және спорттық іс-шараларға, конференцияларға, көрмелерге және басқа да шараларға уақытша тыйым салынады. Адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде сауда орталықтары, базарлар, тамақтану орындары, вокзал, әуежай және т.б. басқа жерлерде санитарлық тәртіп күшейеді.
Балқаш қаласының аумағында бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелген жоқ. Дерт анықталған елдерден келген адамдарды бақылауды медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
Қала әкімі атап өткендей, барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті, Балқаш тұрғындарының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады, тапшылық қаупі жоқ. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуін бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қала әкімі қала тұрғындарын сабырлы болуға, дүрбелең тудырмауға, сонымен қатар тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, ақпарат алу үшін тәулік бойы 1406 нөмері бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх