Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

10.03.2020

Балқашта жедел респираторлық вирустық инфекция жағдайын бақылау бойынша шаралар қабылданды.


Бүгін кезекті аппарат отырысында ағымдағы жағдай талқыланды.
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының аймақтық бөлім және тауарлар мен қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшылары баяндама жасады.
Жалпы аймақтағы жағдай қанағаттанарлық деп бағаланады, коронавирустың таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылдануда.
2020 жылдың қаңтар айында орталық аурухана базасында 80 орынға арналған карантиндік госпиталь ашылды. Қалада инфекция жұқтыру факторы анықталған жоқ.
Осы аптаның соңына дейін Қарағандыдан жергілікті тауар өндірушілер шығарған 15 мың дана медициналық маска жеткізіледі. Қорғаныс құралдары қаланың әлеуметтік дәріханаларында сатылады.
Ағымдағы жағдайды талқылау барысында ұсыныс ретінде бірқатар шаралар ұсынылды. Атап айтсақ ғимарат ішінде іс-шаралар өткізуді шектеу, білім беру мекемелерінде, қоғамдық транспортта және басқада адамдар көп жиналатын жерлерде профилактикалық шараларды күшейту және т.б.
Қала әкімі барлық ұсыныстардың қабылданатынын жеткізіп, жауапты органдарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

12°
В Балхаше: облачно, Влажность 56%, Давление 713, ветер 8 м/с

Валюта курстары

USD 448.52
Euro 490.32
Рубль 5.69

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх