Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

05.11.2019

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА 5 ҚАРАША КҮНІ ҚАЛА ӘКІМІ ОРАЗ ТӘУІРБЕКОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.


Күн тәртібінде ветеринария саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс барысы, инфляциялық процесстерді қамтитын және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі штаб жұмысы туралы сонымен қатар, қаланың бүгінгі ахуалы мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша қалалық ветеринария бөлімінің басышысы С.Молдабеков мәлімет берді. Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері вакцинациялау өткізу және диагностикалық зерттеулер 100 пайызға орындалған. Жануарларға сібір жарасына, ІҚМ нодулярлы дерматит және қарасанға, түйе обасы, иттердің құтыруы, жылқы сақауына қарсы вакцина жасалды. Осы жұмыстардың жүргізілуіне биылғы жылы 10832 мың теңге бөлінді.

Туберкулезге қарсы аллергиялық зерттеуге ірі қара мал, түйе, шошқа зерттелсе, жылқыға маңқа ауруы бойынша зерттеу жүргізілді. Жануарларды есепке алу және эпизоотияға қарсы жоспар іс-шарасы аясында ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жүргізіледі. Бүгінгі таңда ІҚМ – 1316 бас немесе 99%, ұсақ мал – 2369 немесе 93 %, түйе 49 немесе 114 %, шошқа – 425 немесе 100%, жылқы 151 бас немесе 86% бірдейлендірілді. 2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында (бұдан әрі – АЖС) тіркелген мал басының саны: ІҚМ – 3199, ұсақ мал – 5514, жылқы – 719, шошқа – 850, түйе – 233 бас. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және ҚР Кәсіпкерік Кодексі негізінде жүзеге асырылады. Орталық базарда күн сайын ал, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде апта сайын тексеріс жүргізіледі. Барлығы 304 тексеру жүргізілді. Оның 32-не бұзушылық анықталса, 32-сіне ұйғарым  шығарылды. Оның ішінде 23-не байланысты ветеринариялық іс-шараларды жүргізу берілмеді. Ветеринарлық санитариялық сараптама жүргізуге 15 ұсыныс жіберіліп, 25250 теңге айыппұл салынды.

Мұнан басқа, қалада 3 ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы, бір «Агрико-Ет» ЖШС мал сою пункті және және 4 мал қорымы бар. Ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасы арқылы  сиыр етінің – 426 т, қой еті – 53 т, жылқы еті – 69 т, шошқа еті – 64 т (барлығы 612 т), сүт өнімдерінен барлығы 9,2 т, атап айтқанда тауық жұмыртқасы – 198 мың дана, басқа да өнімдер (балық, тауық, бал және т.б.) – 118 т қауіпсіздігі зерттелді. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен мал қорымдарын ұстау үшін 4066 мың теңге бөлінген.

Екінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Рахпанова ақпараттандырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен (2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысына егізілген өзгерістерімен) 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілді.

Қарағанды облысының Статистика департаментінің мәліметі бойынша Балқаш қаласында 2018 жылдың желтоқсанымен 2019 жылдың қазан айымен салыстырғанда 16 азық-түлік өнімінің бағасы көтерілген. Ал, 1 санаттағы жұмырқаның бағасы 7,9% мен қанттың бағасы 8,8%-ға төмендеген.    

Қала әкімінің 2016 жылғы 26 тамызындағы №20 қаулысымен инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша штаб құрылды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында мониторнг жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы көтерілген жағдайда сауда иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қаланың жылдық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қажеттілігі келесідей: 1 сорттағы ұн – 3702 т, 1 сорттағы нан – 4184 т, макарон өнімдері – 187 т, қант – 1326 т, тұз – 117 т, сиыр еті – 1560 т, сүт – 3510 т, сары май – 367 т, күнбағыс майы – 936 т, картоп – 7800т, орамжапырақ – 1872 т, сәбіз – 1794 т, пияз – 1248 т.

Бір жылда қаланың жеке меншік секторында шамамен 562 тонна сүт, 642 мың дана жұмыртқа өндіріледі екен. келтірілген талдауда көрсетілгендей, қалаға сырттан 90% картоп, 75% көкөніс, 95%жұмыртқа және шамамаен 99% ет және ет өнімдері жеткізіледі. Өз өнімдерімізідің жетіспеушілігінен Қарағанды, Алматы, Қазақстанның оңтүстік және солтүстік облыстарынан азық-түлік жеткізіледі. Бұдан өзге, азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыру мақсатында әр апта сайын қалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, қалада 2 әлеуметтік павильон және 2 коммуналды дүкен бар. Аталған сауда нысандарында азық-түліктің бағасы 15-20%-ға арзан. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынанда бір келісі 184 теңге болатын 1 тонна қарақұмық бар.

Аппарат жиналысы барысында қала әкімінің орынбасарлары А.Қапашев пен С.Жақсылықова апта ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ағымдағы жағдаймен таныстырды. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ораз Тәуірбеков келесідей тапсырмалар берді:

-        айдың соңына дейін Саяқ кентінде мал сою қызметін ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды әзірлеуді;

-        азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қолдану;

-        жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесін анықтау;

Тапсырмалардың уақытында орындалуы бақылауға алынды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх