Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

31.10.2019

Тоғыз ай қорытындыланды


31 қазан күні қала әкімі Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізді. Қала әкімі Ораз Қайсайұлы тікелей эфир арқылы Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерімен бөлісті.

Жалпы алғанда есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қаланың дамуында оң динамика байқалады. Биылғы жылдың 9 айында өңір экономикасына 130,7% өсіммен 31 млрд. теңге ивестиция салынды. Инвестиция құрылымының 65%-ы өнеркәсіпке жұмсалды. Индустрияландыру картасы аясында кәсіпорындардың өнім шығару көлемі 24,7 млрд.теңге немесе өткен жылға қарағанда 4,2%-ға өсті. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етіп келеді. Осы бағдарламалар аясында сомасы 2,2 млрд. теңгені құрайтын 43 жоба іске асырылуда.

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 100,7% құрады, бөлшек сауда тауар айналымы 6,9%-ға өсті. Шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді құралдарының бірі - «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Жыл басынан бері бағдарлама аясында жалпы сомасы 131 млн.теңге болатын 4 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 83 жұмыс орны ашылды. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау жоспар бойынша 108,1%-ды құрады. Бұл қала тұрғындарының алдында қарастырылған міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік берді.

Биыл 1 сәуірден бастап балқаштық 231 отбасыға немесе 1172 адамға жалпы көлемі 83,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілді. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар, 1 мамырдан бастап осы санаттағы отбасы балаларының балабақша төлеміне 50% жеңілдік берілді. Тұтастай алғанда бюджет шығыстарында әлеуметтік міндеттемелерді орындау 7,9 млрд.теңгені немесе 66%-ды құрайды.

Шаһар басшысы алдағы қаланың даму жоспары туралы да айтты. Әсіресе  экономиканың ең қарқынды өсіп келе жатқан секторы туристік сала мен тұрғын үй құрылысы бойынша баяндады. Мәселен, алдағы жылы 20 туристік нысанның құрылысы салынбақ.  Бұл арқылы инвестиция көлемі шамамен 1,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 250 жаңа жұмыс ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, туризм объектілерінен 70 млн. теңгеден аса қаржы салық түсімі түседі деген жоспар бар. Тұрғын үй құрылысында жыл сайын кемінде 16 000 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары қойылды.

Ораз Қайсайұлы есебін аяқтай келе қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы бұдан әрі де сақталатынын жеткізді.

2020 жылға арналған бюджет жобасында экономикалық даму және әлеуметтік міндеттемелер бойынша басымдықтар қарастырылып, жақында қалалыө мәслихат депутаттарына ұсынылып бекітілетін болады.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх