Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

02.11.2019

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ҰДАЙЫ НАЗАРДА


Әкім қабылдауында болған «Техснаб» кентінің тұрғындары жол мәселесі, суару жүйесін қалпына келтіру, жарықтандыру, ауыссу мәселесі, қоқыс шығару, маусымдық бау-бақша өнімдерінің көшпелі сауда орындарын белгілеу, «Металлург» стадионы алдына аялдама павильонын орнату сынды бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Көтерілген мәселелерді ескерген қала басшысы «Техснаб» кентіне арнайы барып, жағдаймен танысты.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін және тұрақтылықты оның ішінде қоғамдық көлікті қамтамасыз ету үшін арақашықтығы 3 шақырым жол болатын жол сапасын жақсарту қажет. Жолды қалпына келтіру үшін кем дегенде 200 млн. теңге қаржы керек. Ол үшін арнайы жоба мен сметалық құжаттама әзірленуі тиіс. Биылғы жылы мәселенің жедел шешімі ретінде барлық проблемалық учаскелерге шақпатас төгіліп, тегістеледі. Қала басшысы ол үшін қажетті қаржы бөлуді тапсырды. Ал, келесі жылы жолды жөндеу үшін қажетті құжаттар дайындалмақ.

Сонымен қатар, бюджеттен үнемделген қаржыға рұқсат етілмеген жерде қордаланған қоқыс алаңы тазартылып арнайы орынға шығарылатын болады және алдағы уақытта жұмыс кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Қала басшысы жарықтарды қалыпқа келтіруді де тапсырды. Ал, осыған дейін орнатылмаған жарық бағаналары бойынша құжаттарды әзірлеп, көшелерді жарықтандыруды міндеттеді. Суару жүйесін қалпына келтіру мәселесі ЖЭО-мен келіскеннен кейін шешілетін болады. «Металлург» стадионының алдына аялдама орнатуды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына тапсырды. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне кент тұрғындарының пікірін ескере маусымдық бау-бақша өнімдеріне арнайы сауда орындарын анықтап ұсынуды жүктеді.

Жұмысшылар кентіндегі Жамбыл көшесінің тұрғындары үшін бүгінде орталық жылу жүйесіне қосылу және жылу жүйесінің сапасы, ағын суларды бұру және дренаж күрделі мәселе болып табылады. Мамандардың айтуынша, мұндағы жылу магистралінің әбден тозығы жеткен. Сонымен қатар, жылу магистральдің диаметрін үлкейту қажет. Бұл құбырлар жеке меншікте болған соң қараусыз қалған. Жылу магистралін ауыстыру үшін «СуЖылуТранс» КМК қараусыз қалған құбырларды өз теңгеріміне алуы қажет. Сонда ғана мәселенің шешімі болмақ. Қала әкімі Ораз Қайсайұлы Жұмысшылар кентіндегі күрмеуі қиын мәселелерді анықтап кешенді шешу мәселесін алға тартты. Ол үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысына арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды. Жоспардың әзірленуі үшін 10 күн уақыт берілді. Әзірленген әс-шаралар жоспары алдағы уақытта кент тұрғындарына жеткізілетін болады.  Сонымен қатар, «БалқашЭнерго» КМК басшысы О.Максудовқа көшені толық жарықтандыруды, «БалқашУниверсал» КМК басшысы Н.Тянға құдықтарды қалпына келтіруді міндеттеді.  

Аралау барысында қала әкімі Тоқтамысов көшесі, 43 үйде тұратын көпбалалы ананың өтінішін де ескерусіз қалдырмады. Көпбалалы ананың үйіне арнайы барған қала әкімі Ораз Қайсайұлы көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнама аясында ұйымдастырылатынын жеткізді. Бұдан өзге, Қоңырат ықшамауданындағы Зайцев көшесі, 18 «а» үй, 43 пәтердің жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады. Анықталған ескертулер бойынша жауапты мердігер берілген кепілдік мерзімінің шеңберінде қызмет көрсетіп, олқылықтардың алдын алмақ. Ол үшін тапсырмалар беріліп, жұмыстар бақылауға алынды.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх