Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

29.10.2019

29 ҚАЗАН КҮНІ ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ШАҺАР БАСШЫСЫ ОРАЗ ТӘУІРБЕКОВТІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.


Аппарат жиналысы кадрлық өзгерістерден басталды. Ораз Қайсайұлы «СуЖылуТранс» КМК басшысы Айбек Рахимберлинді өз еркімен жұмыстан босату өтінішіне байланысты қызметінен босатылғанын хабарлады.  Коммуналды салаға қосқан үлесі үшін алғыс білдірген қала әкімі өз сөзінде Айбек Тишбекұлын өзін білікті басшы, білгір жетекші ретінде таныта білгенін айтып, ақжол тіледі. Сонымен қатар, «СуЖылуТранс» КМК басшысынің міндетін атқарушы Бауыржан Жұмабековті бөлім басшыларына таныстырды.

Одан кейін күн тәртібіндегі мәселе – жалдамалы пәтерлерде тұратын борышкерлердің жалдау ақысын өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айрат Карамурзин баяндама жасады.

Бөлім басшысының міндетін атқарушының айтуынша жыл сайын мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерден мемлекет кірісіне 22,9 млн.теңге мөлшерінде түсуі тиіс.  Биылғы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді жалдау ақысының сомасы 10,4 млн.теңге қала бюджетіне түскен. 2019 жылдың басында жалдаудың берешек ақысы 1,9 млн.теңге.

Балқаш қалалық соты арқылы тұрғын үй-жайларды жалдаушының жалдау ақысы мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жалпы сомасы – 1млн. 942 мың теңгеге барлығы 10 шешім шығарылды. Бүгінгі таңда барлық борышкерлерге хабарланып, ескертпе жасалынды, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлердің әрқайсысымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қараша айының соңына дейін борышкерлерден қарыздарды өндіріп алу бойынша жұмыстар аяқталмақ.

Қараша айының соңына дейін қарыз сомасы 1,9 млн.теңге болатын жұмыс аяқталады деп жоспарлануда. Ол үшін сот органдарына 11 талап арыз дайындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

Аппарат жиналысы барысында қала әкімінің орынбасары Айдын Қапашев апта ішінде атқарылған жұмыстарды баяндап, ағымдағы жағдаймен таныстырды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін бюджеттің игерілмеу қаупі барын жеткізді. Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх