Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

29.10.2019

Саяқ кентінің тұрғындарымен кездесті


Жуырда қала әкімі Ораз Тәуірбеков бірқатар мекеме басшыларымен бірге арнайы іссапармен Саяқ кентінде болды.

Жұмыс сапарының бағдарламасына тұрғын үйлердің, әлеуметтік және басқа да нысандардың жылу беру маусымына дайындығы сондай-ақ, кент тұрғындарымен кездесу өткізу туралы сұрақтары енгізілді.

Қала әкімі кенттегі аурухананы, №6 орта мектепті, балабақшаны, іске қосылған модульдік қазандықтарды аралады. Барлық нысандар бойынша жылу беру маусымын өткізу дайындығына көз жеткізілді. Биылғы жылдың шілде айында кент тұрғындарымен өткізілген кездесуде бірқатар мәселелер оның ішінде кадрлық мәселелер көтерілген болатын. Аурухана мен мектепті аралау барысында басшылар медбикелермен және ағылшын тілі пәні мен бастауыш сынып мұғалімдерінің жетіспеуі бойынша мәселелердің шешілгенін жеткізді. Өзінің аралауында қала әкімі қазандықтың дайындығын және  жылу қазандықтарының жұмыс қабілеттілігін тексерді. Кент тұрғындарын тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз ету мекеме басшыларына міндеттелді. Шаһар басшысы қайта жаңғыртылған орталық алаңда да болды. Мұндағы жұмыстар толық аяқталмаған. Бұдан бөлек, қосымша жабдықтар орнату үшін қаражат қажет етеді. Тиісті қаражат келесі жылы қала бюджетінен қарастырылмақ.

Аралаудан кейін, қала әкімі Ораз Тәуірбеков «Горняк» клубында кент активімен және тұрғындармен кездесу өткізді.

Алдымен бөлім және коммуналдық кәсіпорындар басшылары өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Ондағы бірқатар мәселелердің шешімі табылған. Соның ішінде, аурухана мен мектептің кадр мәселесі, қосымша жолаушылар вагонын бөлу және т.б.

Тұрғын үй қатынастары бойынша көп қабатты үйлердің шатырын жөндеу заңнамасына өзгерістер күшіне енгізілгеннен кейін жұмыстар басталатын болады. Бұдан өзге, рұқсат етілмеген қоқысты жою, қосымша балалар ойын алаңы мен спорттық корт орнату үшін қосымша қаражат бөлінді. Сонымен қатар, кейбір мәселелер әлі шешімін таппады.

Ағымдағы жұмыстардың жай-күйі мен кент тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаған қала әкімі Ораз Қайсайұлы жеке тапсырмалар берді.

 «СуЖылуТранс» КМК басшысына кентте жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуді, биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қазандықты орнатуды аяқтауды, 10 қарашаға дейін «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен бірлесе кент тұрғындарына сапалы көмір жеткізуді жүктеді.

«Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы І.Шәкенов пен «Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы З.Шлыковаға 2020 жылға түрлі жарыстарға қатысатын кент спортшыларына қаржы бөлуді қарастыруға, білім бөлімімен бірлесе орта білім беретін мектепке арналған спорттық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін қаржы қарастыруды міндеттеді.

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ж.Томпиеваға кент тұрғындарына ай сайын әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, қала әкімінің орынбасары А.Қапашевқа 10 желтоқсанға дейін «Халық Банкі» АҚ Балқаш қалалық филиалы басшылығымен бірлесе кентте қосымша банкомат орнату мәселесін қарастыруды тапсырды. Ал, Балқаш қаласы әкім аппаратының басшысы Р.Сыздықовқа бір ай мерзімде әлеуметтік желіге қосылу мәселесін шешуде ұсыныстар беруді, мемлекеттік органдар басшылары Саяқ кенті әкімімен бірлесе кент тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша «Ашық есік күнін» өткізуді жүктеді.

Кент тұрғындарының тілектерін ескерген қала әкімі мұндай кездесу тоқсан сайын өткізілетінін айтты. Ал, берілген тапсырмалар бақылауға алынды.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 719, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 388.81
Euro 429.01
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх