Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

26.10.2019

ШАҺАРДЫ АРАЛАДЫ


Қала әкімі Ораз Тәуірбеков сенбі күні қаланы аралады. Қала басшысы білім бөлімі, құрылыс, ТКШ бөлімімен бірлесе лингвистикалық бағыттағы №16 орта мектепте болды. Білім ошағындағы мәселе – акты залының жоқтығы. Қазіргі таңда мектепшілік іс-шараның барлығы арнайы жасақталмаған жерлерде өткізілуде. Осы мәселені назарға алған қала басшысы Ораз Қайсайұлы акт залын құрылысын бастаудағы жобалық-сметалық құжаттама дайындауды қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С.Мусинге тапсырды. Білім ошағының 50 жылдық мерейтойына орай мәселенің шешімі табылса нұр үстіне нұр болар еді.

Қала әкімі аялдаған келесі нысан БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы саябағы. Саябақты абаттандыру екі кезеңді қамтып, 2020 жылдың тамыз айында аяқталады деген жоспар бар. Саябақтың сыртқы қоршауы жалпы 1 км 100 метрді құраса соның 320 метрі жасалған. Жақын арада қоршауларды орналастыру жұмыстары басталады. Қоршаудың қалған бөлшегі дайындалуына байланысты жеткізіледі. Алдағы уақытта кіру аркасының каңқасын монтаждау басталады. Жүргізілген жұмыстарды тексерген қала әкімі Ораз Қайсайұлы жауапты мердігерге және техникалық қадағалау өкіліне жұмыстың сапасы мен жөндеу жұмыстарының кестеге сай жүргізу қажеттігін айтты.

Өзінің аралауының барысында шаһар басшысы Ленин көшесі, 78 үйде орналасқан «Үлкен жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығына барды. Мұндадағы су басқан жертөле мәселесі бүгінде тұрақты мәселеге айналды. Жертөлені су басқандықтан орталықтың терезелері буланып, дымқыл басқан. Аталмыш орталық өз жұмысын әзірге тоқтатуға мәжбүр. Қала әкімі бұл мәселе бойынша «Балқаш Су» КМК, «СуЖылуТранс» КМК және «Балқаш Универсал» ЖШС тиісінше тапсырмалар беріп алдын алуды жүктеді. Сонымен қатар, дренаж жүйесінің жұмысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап, ТКШ бөліміне тапсыруды міндеттеді.

Мұнан соң, мердігер «Асмир Строй Сервис» ЖШС демеушілігімен ауыстырылған қалалық мешіттің жылу жолын көрді. Мұнда ұзындығы 120 метр болатын жылу жолы аустырырылып, негізгі жұмыстар аяқталды. Қала әкімі мердігерге және коммуналдық қызметтерге бұзылған жол учаскелерімен абаттандыру нысандарын қалыпқа келтіруді тапсырды.  



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх