Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

21.10.2019

Ел мақтанышына – ерекше құрмет


Балқаштық боксшы Ерасыл Ермек жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Турнир қазан айының 8-17 күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтті. Білектілер жұдырықтасқан бәсекеге құрлықтың 26 мемлекетінен барлығы 250-ге жуық былғары қолғап шебер қатысты.

Ринг төрінде әдемі бәсеке көрсеткен жерлесіміз Ерасыл Ермек 57 келі салмақ дәрежесінде жалпы 4 кездесу өткізген. Бірінші кездесуінде Тайпей елінің спортшысын 4:1 есебімен жеңді. Екіншісінде Иран мемлекетінің боксшысымен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда спортшымыз Қытай елінің боксшысын 3:2 есебімен тізе бүктіреді. Ақтық сында Өзбекстан өкілі Билолбек Ихволовты 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Чемпионды қала әкімі Ораз Тәуірбеков қабылдап, боксшы мен бапкер Амангелді Маканалинге Алғыс хат табыс етіп, спортты жанына серік қылған боксшыға сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі. Сонымен қатар, қала әкімі чемпионға 300 мың теңге серитификатын табыс етті. Марапаттау рәсіміне қалалық мәслихат хатшысы Қ.Тейлянов, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, спорт ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ерасыл Ермек – Қазақстан Республикасының спорт шебері. Қазақстан Республикасының чемпионы атағын әр жас мөлшерінде екі мәрте жеңіп алған. Қарағанды облысының бірнеше дүркін чемпионы. Бокстан Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі. Еліміз бойынша жасөспірімдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі бойынша бірінші болып саналады. Бокстан Балқаш қаласының спорт шеберлерін еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірнеше дүркін чемпионы. 2019 жылы жасөспірімдер арасында Болгария және Сербияда өткен хылықаралық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрінген боксшы. Ерасылдың бокспен айналысқанына 6 жыл болды. Бүгінде қаламыздағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жаттығады. Қаламыздағы Ә.Мусин атындағы Балқаш гумантитарлы-техникалық колледжінің студенті.

Спортшыны жарысқа дайындаған бапкер бокстан КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, бокстан халықаралық АИБА төрешісі Амангелді Маканалин екенін айта кеткен жөн. Еңбек жолын 2012 жылы бастаған бапкер Қазақстан Республикасының екі спорт шеберін, бес спорт шеберіне үміткерді дайындап шығарған.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 719, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 388.81
Euro 429.01
Рубль 6.08

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх