Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

08.10.2019

Аппарат жиналысы өтті


8 ҚАЗАН КҮНІ ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ШАҺАР БАСШЫСЫ ОРАЗ ТӘУІРБЕКОВТІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

Күн тәртібінде борышкерлердің жалдау үйлерінде жалдау ақысын өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау және ағымдағы жедел жағдай туралы үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Карамурзин мәлім етті.

Бөлім басшысының міндетін атқарушының айтуы бойынша қалада коммуналдық тұрғын үй қорының құрамында барлығы 450 пәтерлі 9 үй бар. Оның 46 пәтері Балқаш қаласы әкімдігінің қаулысымен қызметтік қорға аударылды. Жыл сайын мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерден мемлекет кірісіне 228979 мың теңге мөлшерінде түсуі тиіс.  Биылғы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді жалдау ақысының сомасы 10 млн. 424 мың теңге. 2019 жылдың басында жалдаудың берешек ақысы 1 млн. 898 792 теңге.

«Балқаш қаласының ТКШ ЖК АЖ бөлімі» мемлекеттік жалдамалы пәтерлерді түгендеу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Балқаш қалалық соты арқылы тұрғын үй-жайларды жалдаушының жалдау ақысы мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жалпы сомасы – 1млн. 942 мың теңгеге барлығы 10 шешім шығарылды. Бүгінгі таңда барлық борышкерлерге хабарланып, ескертпе жасалынды, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлердің әрқайсысымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қараша айының соңына дейін борышкерлерден қарыздарды өндіріп алу бойынша жұмыстар аяқталмақ.

Екінші мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Томпиева хабарлады. Қалада барлығы 3848 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 70,6%-ы еңбекке жарамды, 23,4% зейнеткерлік жаста, 6%-ы 18 жасқа дейінгі балаларды құрайды. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабының 3 тармағына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек, медициналық және кәсіптік оңалту шаралар көрсету арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың денсаулығын сақтау және мүгедектіктің профилактикасы бойынша шаралардың бірі 7 түрлі скринингтік бағдарламаларды жетілдіру және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Жыл басынан бері  467 мүмкіндігі шектеулі азаматтар протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифло құралдарымен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаториялық-емдеу шипажайымен, міндетті гигиеналық құралдармен және жеке ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілді.

Техникалық оңалту құралдарының тізбесі соңғы 3 жылда  32-ден 55-ке  дейін түрлерінің атауларын қоса алғанда қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар кеңейтілген. Арнаулы әлеуметтік қызметтер стандартына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызмет көрсетеді. Онда психоневрологиялық патологиясы және тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған 156 адамға үйлерінде қызмет көрсетіледі. Қоғамдық бірлестік арқылы мүгедектерді әлеуметтік біріктіру мақсатында 5 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылуда. Үстіміздегі жылдың 9 айында 479 мүмкіндігі шектеулі адамдарға 13,4 млн. теңгеге әлеуметтік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, 2008 жылдан бері балама ретінде «Инватакси» әлеуметтік такси қызметі іске қосылған. Қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында мүмкіндігі шектеулі адамдарға жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша жалпы сомасы 24,7 млн. теңгеге 3948 ерекше жандарға материалдық көмек төленді. Жұмысқа орналасуға көмек көрсету кешенді жоспарды жүзеге асыру шеңберінде 125 мүмкіндігі шектеулі адамға көмек көрсетілді.  Мүгедектерге арналға жұмыс орындары шарттарына сәйкес, 2018 жылы 4 есту қабілеті бұзылған мүгедектерге арнайы жұмыс орындары құрылды.

Жиынды қорытындылаған қала басшысы Ораз Тәуірбеков алғашқы мәселе бойынша мәсленің тиімді алдын алу шараларының бірі ретінде борышкерлердің тізімін ресми жариялау мәселесін қарастыруды тапсырды. Ал, екінші мәселе бойынша қалада «Инватакси» қызметін іске қосу жобасын орындауды, сурдо-аударма бойынша қызметті іске асыруды тапсырды. Тапсырмалардың орындалысы жіті бақылауға алынды.

Аппарат жиналысы барысында қала әкімінің орынбасарлары қаладағы өзекті мәселелер төңірегінде есеп беріп, жағдаймен таныстырды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх