Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

04.10.2019

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ


Қазан айының алғашқы жексенбісі - мұғалімдер күні. Аталмыш мерекеге орай М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, еңбегі еленген үздік ұстаздар марапатталды.

Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде қала әкімі Ораз Тәуірбеков сөз сөйлеп төл мерекелерімен құттықтады:

-        Қазақта «Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді» деген қанатты сөз бар. Демек, бір ғана ұстаз тәлімі мыңдаған шәкірттің зейінін ашады. Қоғамның интеллектуалдық капиталы білім арқылы ғана қалыптасады. Бұл – бүгінгі әлем тәжірибесі. Бізге алғаш әріп танытып жан дүниемізге нұрлы шуақ түсіріп адамгершілікке баулыған мұғалімдеріміздің бейнесі әрқайсымыздың жадымызда сақтаулы. Әрбір ұстаз шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады, өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сондықтан да қай ғасырда да мұғалімнің орны тақтан жоғары. Аты аңызға айналған батырымыз, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай: ұстаз ұлық емес ұлы қызмет. Ұлағатты ой иесі, парасатты қоғам қайраткері болып табылатын ұстаз алдында баршамыз бас иеміз, - деді.

Мұнан соң, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен ардагер ұстаз Қарлығаш Ахметованы марапаттады. Ал, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына білім бөлімінің әдіскері Күләш Айнабекова, Абай атындағы №2 лицей директоры Қарлығаш Рахимберлина, Ы.Алтынсарин атындағы №25 орта мектебінің директоры Санура Сызыдкова, Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей директоры Қарлығаш Дүбірбекова, №8 орта мектебінің директоры Айгүл Төкейбекова, Өнер мектебі директорының орынбасары Гүлжихан Жексембекова, №17 мектеп-лицей директоры Шынаргүл Алишева ие болды. Сонымен қатар, білім бөлімінің бас маманы Бахытбала Айтжановаға, №5 орта мектебінің директоры Айна Абдуалиеваға, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының диреторы Гүлзада Манатаеваға, Оқушылар сарайының диреторы Алла Кузьминаға, Абай атындағы №2 лицей директорының орынбасары Гүлбахрам Мейрбековаға, «Ручеек» балабақшасының тәрбиешісі Любовь Лапинаға, №17 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Салтанат Айнекова, Оқушылар сарайының қосымша білім беру мұғалімі Индира Мугмановаға, «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Жәния Түсіпбековаға Алғысхат табыс етілді.

Қаламыздың білім беру саласының дамуына зор үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім беруде және оларды қазақстандық патриотизм негізінде тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар легі қала әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғысхатымен мадақталды.

Сондай-ақ, «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен ардагер ұстаздар Любовь Шведова мен Майраш Тлеулинаға табысталды. Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Нұржігітова, Абай атындағы №2 лицейінің география пәнінің мұғалімі Шамшат Жақсыгелдина, «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Анар Зкрина, №8 орта мектебінің бастауыш сыныа мұғалімі Балдырған Калижанова, Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Клара Рахимбекова, «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Зинагүл Төлеуғұлова, «Балақай» балабақшасының тәрбиешісі Нұргүл Мұхамеджанова марапатталды. Бұдан өзге, «Ақбота» балабақшасының әдіскері Қарлығаш Кәрібекова, «Айсұлу» балабақшасының тәрбиешісі Нұргүл Көжекова, «Күншуақ» балабақшасының әдіскері Гүлдана Жұмырова Қарағанды облысының білім басқармасының Алғысхатына лайық деп танылды.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Қала өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламада ұстаздар мен тәрбиешілерге деген шексіз ризашылық пен алғыс ретінде ән шырқалып, би биленді.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх