Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

04.10.2019

ҚАЛА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН


4 қазан күні әкімдікте қала әкімі Ораз Тәуірбековтің төрағалығымен кезекті қалалық штаб отырысы өтті. Штаб отырысының күн тәртібінде 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы мәселе қарастырылды.

Алдымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Карамурзин аталмыш мәселенің бүгінгі жағдайын баяндады. 2019-2020 жылдың жылыту маусымына жүргізілген әзірлік жұмыстары жөнінде айтар болсақ, Балқаш жылу-электр орталығында №6, 7, 8, 9 қазандық агрегаттарында, № 2,6,7 турбиналарда ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта көмір түсіру кешенін күрделі жөндеуден өткізудің екінші кезеңі жүріп жатыр, ол 99 пайызға орындалған. Сондай-ақ, №3 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Отын запас мөлшерімен қамтамасыз етілуде. 61 күнге жететін 238 мың 915 тонна көмір, 55 тәулікке жететін мазут бар.

Қалаға жылу мен ыстық суды жеткізіп тарататын «Су Жылу Транс» кәсіпорны жылыту маусымына қаладағы 10,3 шақырым жылу торабын, Саяқ кентіндегі 0,55 км және Қоңырат ықшам ауданындағы 1,95 шақырым жылу торабын күрделі жөндеуден өткізуі тиіс болатын. Қазанның 4-і күнгі мәлімет бойынша жылу торабына жасалған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Қоңырат ықшам ауданындағы қазандықтың үздіксіз жұмыс жасауы үшін «Су жылу Транс» КМК мен «ТауКен KZ» ЖШС арасында жалпы құны 108 млн теңгеге жуық болатын 8 мың тонна көмір жеткізу туралы келісім-шарт жасалған. Жеткізу мерзімі қыркүйек-желтоқсан айлары. Қазанның 4-і күнгі мәлімет бойынша 2235,25 тоннасы түсірілген. Ал, осы айларда Саяқ кентіне келісім бойынша жалпы құны 95,5 млн теңгеге 7 мың тонна көмір жеткізілмек. Оның 2093,1 тоннасы түсірілген.

«Балқаш энерго» кәсіпорнына тоқталсақ, қалаға электр энергиясын беру штаттық кестеге сәйкес орындалуда, электр желілерінің жалпы ұзындығы 1064,2 шақырымды құрайды. 5,389 шақырым электр таратушы кабель желілері жөнделді, 4 трансформаторға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Балқаш Су» кәсіпорны бойынша су құбырындағы проблемалық учаскенің 4,85 шақырым бөлігін ауыстыру үшін тамыз айында жергілікті бюджеттен 46 млн 587 мың теңге бөлінген болатын. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі күні қаладағы білім беру, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау нысандары қысқы жылыту маусымына толық дайын. Қаладағы 587 тұрғын үйдің барлығына қатысты әзірлік актісі жасалған.

Тұрғындарды және әлеуметтік-мәдени нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, Балқаш қаласы бойынша көмірдің қажетті көлемі 7 200 тонна. Көмір саудалайтын 4 орын – теміржол тығырықтары жоспарланған. Олар «Бас Балқаш» ЖШС қоймасы («Калиев А» ЖК), «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің көмір алаңы («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС), Корпорацияның Саяқтағы көмір алаңы және «ТЭК Астана» ЖШС теміржол тығырығы (Аймагамбетова К.Н.» ЖК). 4 қазандағы мәлімет бойынша осы төрт орында жалпы көлемі 500 тонна болатын әлеуметтік көмір қоры бар. 880 тонна көмір сатылған. Бір тонна көмірдің құны 16-17 мың теңге.

Жалпы Балқаш қаласы жылу маусымына толық дайын деп айтуға болады. Алайда жылдағы үрдіс бойынша қазанның 7-сінен 11-не дейінгі аралықта жылу желілері шайылып, тексеріледі. Қазан айының 12-сінен бастап қала тұрғындары жылумен қамтылады деп жоспарланып отыр. Осыған сәйкес қалада қазанның 7-нен 11-не дейінгі аралықта ыстық су беру тоқтатылады. Ал, Қоңырат ықшамауданы мен Саяқ кентінде жылу жүйесі 15 қазан күні қосылады. Бұл мәселе үнемі бақылауда.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх