Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

04.10.2019

Ақтық сапарға шығарып салды


4 қазан күні Балқаш жұртшылығы қаланың мәдени және техникалық саласындағы зиялы қауымның өкілі Петр Елисеевич Кушнировты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы митингке қаламыздың зиялы қауым өкілдері, марқұмның жақындары жиналды.

Митинге жиналғандар Петр Кушнировтың тұлғалық қасиеттері, сіңірген еңбектері жайлы естеліктерін білдірді. Кушниров - ел ардақтаған тұлға. Ол көптің көкейінен, жақынның жүрегінен елжандылығымен, ізденімпаздығымен, мақсатшылдығымен,  ең бастысы адами бітім-болмысының биіктігімен орын алды.

Ол өмірінің соңына дейін өзі таңдаған металлургия саласына және өнерге адалдық танытты. Петр Елисеевич 1944 жылы 18 қаңтарда Украинаның Никополь қаласында өмірге келген. Балалық және жастық шағы соғыстан кейінгі қиын-қыстау уақытпен тұспа-тұс келді. П.Кушниров металлургиялық техникумды тәмамдаған соң, жас маман ретінде Балқашқа жолдамамен келді. Осылайша, 1962 жылы түсті металдар өңдеу зауытында оның еңбек жолы басталды. Білімі мен өз ісіне деген жауапкершілігінің нәтижесінде, Петр Елисеевич кәсіби өсудің барлық баспалдағынан өтті. ұзақ уақыт Балқаш кен-металлургиялық комбинатының тұрмыстық бөлімін басқарды. Кейіннен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС маркетинг және коммерциялық қызметті сату департаментінде жетекші маман болды. Соңғы бес жылда «KAZ Minerals Managament» ЖШС әдістемелік және бақылау басқармасында қызмет қылды.

П.Кушниров шығармашыл тұлға ретінде Балқаш қаласының шығармашыл тұлға ретінде Балқаш қаласының мәдени өміріне белсенді араласты. Ақындық қырымен танылып, сахналық қойылымдардың режиссері, телевизиялық бағдарламалардың, әуенді-сазды бағдарламалардың авторы, жүргізушісі және радионың дикторы болды. Петр Елисеевич жарты жылға жуық уақыт бойы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылатын салтанатты шаралардан репортаждар жасады. Сол үшін көпшілік оны «балқаштық Левитан» деп атап кетті. П.Кушниров көптеген өлеңдер, тұщымды мақалалар, Балқаш қаласының және «Рухани жаңғыру» гимндерінің сөздерін жазды. Сан қырлы талант иесі, инженер әрі шығармашыл тұлғаның жарқын бейнесі ел жадында және қала тарихында мәңгілікке сақталады.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх