Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

01.10.2019

Аппарат жиналысы өтті


1 ҚАЗАН КҮНІ ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ШАҺАР БАСШЫСЫ ОРАЗ ТӘУІРБЕКОВТІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.

Күн тәртібінде жастар жылы аясында іс-шараны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қабылданған шаралар және ағымдағы жедел жағдай туралы үш мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Беркенов баяндама жасады. Яғни, «Жастар жылы» аясында негізгі 9 бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар талқыланды. 9 ай ішінде ауқымды жұмыстар жүргізілген. Соның ішінде, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жастарға ақпараттандыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығы мен «Зере» сауда үйінде жұмысқа орналастыру пункті ашылды. Аталған пунктерде қала жастары кеңестер алып, жұмысқа орналасуға құжаттарды рәсімдеуде. Балқаш қаласы бойынша жыл басынан бері қысқа мерзімді курстарда 210 адам оқыған. Биылғы жылы жастар тәжірибесіне 56 адам жіберілді. Мектеп оқушыларына, студенттерге және жұмыссыз жастарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 90 адам жұмыспен қамтылды. Жастар кәсіпкерлігіне жәрдемдесу бағыты бойынша 8 жас кәсіпкердің жобасы мақұлданды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 5 адамға шағын кредит берілді. Оның 1-уіне «Қаржылай қолдау қоры» арқылы қалған 4-уі екінші деңгейлі банктер арқылы алды.  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 13 көпбалалы ана мен 3 жас оқыту курсынан өткен. Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 47 жас оқып, оның 40 жасы грантқа ие болған.

Бүгінгі таңда жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Бұл сұрақ стратегиялық маңызды екенін айтқан қала басшысы ішкі саясат бөлімінің басшысына арнайы жұмыс тобын ұйымдастыруды тапсырды. Есепті кезеңнің аяқталуына дейін жоспарланған іс-шаралардың толық орындалуы міндеттелді.

Екінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Рахпанова мәлімдеді.  Оның ақпаратына сүйенер болсақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында кепілдік беру құралдары бойынша 130,9 млн. теңгеге 3 жоба субсидияланған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Н.Ахбетованың 50 төсек орынға арналған «Балқаш қаласында демалыс аймағын салу» жобасы қаржыландырылды. Жүзеге асыру барысында 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» атты екінші бағыт бойынша жоспарланған 6 шағын несиенің барлығы орындалды. Жалпы сомасы – 54,9 млн. теңге.  «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Қарағанды филиалы АҚ жалпы 19,5 млн.теңгеге Саяқ пен Гүлшат кентіндегі тұрғындардың жеке ісін ашуға 5 шағын несие бөлінді. Сонымен қатар, қалада кәсіпкерлерін тарту арқылы қаржылық және қаржысыз шешу жолдары қарастырылуда. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес-кеңесші» курстары бойынша 50 адам, «Жас кәсіпкер» курсы бойынша 47 адам, «Бастау-бизнес» курсы бойынша 16 адам оқыған.

Аталмыш мәселе бойынша қала әкімі шағын және орта бизнесті дамыту – қала экономикасын дамытудағы стратегиялық бағыт екенін айтты. Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ж.Рахпановаға өңірдің әлеуетін дамытуда экономика, туризм мен сервис секторында мемлекеттік қолдаудың сапасы мен тиімділігін арттыруда шағын және орта бизнесті дамыту құрылымын талдауға тапсырды. 

Аппарат жиналысы барысында қала әкімінің орынбасарлары қаладағы өзекті мәселелер төңірегінде есеп беріп, жағдаймен таныстырды.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх