Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

01.10.2019

БАР ҚҰРМЕТ – ҚАРИЯЛАРҒА


1 қазан – Қариялар күні қарсаңында М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты жиын өтіп, өңірдегі қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға қала әкімі Ораз Тәуірбеков, қалалық мәслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов және қазыналы қарттар қатысты.

Мерекелік шара шымылдығы «Ветерок» би ансамблінің қазақ биімен түрілді. Одан соң қала әкімі Ораз Тәуірбеков қарияларды мерекемен құттықтады:

-        Ардагерлер халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. «Қарты бар елдің қазынасы бар ел» деген қазыналы сөз осыдан айтылса керек. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізбен ақыл-кеңестеріңіз тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны ерекше. Себебі, сіздердің қаламыздың өсіп-өнуіне үлес қосқандарыңызбен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларды өсірдіңіздер. Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақтарда сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, парасаттылықтың үлгісін танытып келесіздер. Ардақты ардагерлер сіздердің даналықтарыңызбен өмірде түйген мол тәжірибелеріңізді біз қашанда ден қойып, салған сара жолдарыңызды лайықты жалғастыруға тырысамыз, - дей келе дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

Мұнан соң, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, жастардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және оларды қазақстандық патриотизм негізінде тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен О.Ағыбаев, Б.Сматаева, Т.Григорьева, Б.Төлеуов, Г.Филиппов марапатталды.

Ал, қала әкімінің Алғыс хаты Л.Титова, Т.Шарипов, М.Нозикова, Т.Молдахметова, Т.Климентьева салтанатты жағдайда табысталды.

Одан кейін қалалық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Тейлянов мерекелерімен құттықтап, қайыспас қайсар жандарға ақжарма тілек, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, халық арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, жастарды спортпен жүйелі түрде айналысуға өзі үлгі болып ынталандырғаны үшін «Салауатты өмір салты мен спорт насихаттаушы» номинациясы бойынша К.Сағымбековты мадақтады. Бұдан өзге, «Патриоттық рух тағылымын дәріптеуші» номинациясына Г.Разакова, «Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды дәріптеуші» номинациясына К.Бажикеева, «Ұлағатты тәлімгер» номинасына Б.Темирханов лайық деп танылды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов та жиналғандарды құттықтап, «Ардагерлердің ең үздік бастауыш ұйымы» номинациясын Балқаш қаласының орталық аурухана ардагерлерінің бастауыш ұйымына табыс етті.

Салтанатты шара соңында ақсақал мен ақ жаулықты әже болған қарияларымызға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх