Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

28.09.2019

ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫ АРАЛАДЫ


28 қыркүйек күні шаһар басшысы Ораз Тәуірбеков қаланы аралады. Әуелі Тәуелсіздік алаңына барды. Айта кетейік, алаңның абаттандыру жұмысы жобалық құжаттаманың жоқтығынан еріксіз тоқтатылды. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін жоба толық пысықталуы қажет. Одан кейін абаттандыру жұмысы өз жалғасын табады.  

Одан әрі тұрғындардан келіп түскен шағымдар бойынша жауапты мекеме басшыларымен бірге қаланы аралады. Соның бірі жаңа жылу маусымында Шашубай мөлтекауданындағы 16 үйді жылумен қамту және жертөленің дымқыл болу мәселесі. Жертөлеге сорғы орнату арқылы мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады. Бұдан өзге, мердігер «Гарант» ЖШС-мен абаттандыру жұмыстарының барысы мен сапасын талқылады. Асфальт төсеу, балалар алаңы мен спорт алаңын орнату бойынша келісім жүргізілді. Қажетті жабдықтар келесі аптадан бастап орнатылады. Сонымен қатар, арканы жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнатылуы да өз шешімін тапты. Ал, тіреуіш қабырғалар келесі жылы реттелмек.

Жұмыс сапарының барысында  қала әкімі қаладағы «SILK G.G.» композиттік өнімдер зауытына арнайы барып кәсіпорын жұмысымен танысты. Кәсіпорында жылына композиттік материалдардан жасалатын 3000 люк және тағы басқа да материалдар шығарылады. Келесі жылы қаланы абаттандыру аясында жүргізілетін ауқымды жұмыстарда аталмыш кәсіпорын өнімдері пайдаланылуы мүмкін. Люктерді коммуналдық мекемелердің арнайы атауымен шығару мүмкіндігі де талқыланды. Ал, кәсіпорынды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі қаланың коммуналдық қызметкерлерінің ұсынысынан кейін талқыланатын болады.

Келесі кезекте Қоңырат ықшамауданындағы Русаков көшесі, 8 үйдің құжаттарын жекешелендіру мәселесі бойынша тұрғындармен арнайы жүздесті. Осыған дейін көтерілген бұл мәселенің шешімі табылып, тұрғындар жекешелендіру бойынша құжаттарды ресімдеуге кіріскен еді. Айта кетерлігі, барлығы 48 пәтердің 15 пәтерінде бүгінгі таңда ешкімнің тұрмайтындығы анықталды. Мұнда коммуналдық төлемдер мен тұрғын үйді жалға алғаны үшін қарыздар көбейген. Бұл мәселе қала әкімінің жіті бақылауында болып, төлемдерді төлемеген азаматтармен үйді жалға беру шарттары бұзылады.

Көшелерде және аула аумақтарында жайылып жүрген төрт түлік пен тұрмыстық қатты қалдықтардың уақытында шығарылмауы бойынша тұрғындардың өтініші қарастырылып жергілікті учаске полициясы мен «Балқаш Универсал» ЖШС-ге тапсырма берілді. Бұл мәселені қала басшысы өзі қадағаламақ.

Бұдан өзге, Садовая, Новорудная және Горняцкая көшелерінен сорғы станциясына дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан су құбыры жұмыстарының орындалу барысы тексерілді. «Балқаш Су» КМК бас инженері Жандос Рымқұлов  атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, су құбырын жүргізуде жұмыс жүйесімен таныстырды. Жауапты мекемеге су құбыры жұмыстарының жедел жүргізілуін  күнделікті қадағалап тұруы міндеттелді.

Мұнан бөлек, 2020 жылы жолдарды жөндеу көлемін жоспарлау аясында Абай көшесіндегі жол төсемесінің жай-күйі бағаланып, алдағы жылы көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар, абаттандыру жұмысы аясында жұмысшылар кентінің тұрғындарына демалыс орындары, балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнатуды қарастырмақ.  



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх