Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

01.10.2019

Көп жасаған қариялар құрметке бөленді


Бүгін, Қарттар күніне орай, қала әкімі Ораз Тәуірбеков көп жасаған қария Анна Бражниковаға пәтер сертификатын табыстады.

Халықаралық қарттар күні жылулық пен қамқорлыққа, мейірімділікке толы ерекше мереке. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Осындай атаулы мереке күні қала әкімі Ораз Тәуірбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайтөлеу Жұманов қаламыздағы ұзақ жасаған қариялар 96 жастағы Тамара Пафнутованың, 91 жастағы Анна Бражникованың, 101 жастағы Данагүл Құрбанбаеваның шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

Еліміздің дамуы жолындағы еселі еңбегімен бүгінде ел құрметіне бөленіп отырған, көпті көрген қарттар қала басшысының бұл кішіпейілділігі мен ілтипатына риза болды.

Тамара Пафнутова 1923 жылы 18 сәуірде Ресей Федарациясының Брянский облысында өмірге келген. Соғыстан кейін, 1947 жылы жолдасымен Қазақстанға яғни, Қарағанды қаласына көшіп келеді. 1949 жылы Балқаш қаласына көшіп, «Балқашмыс» ӨБ металлургия цехында жұмысшы болып 25 жылға жуық жұмыс жасап, құрметті еңбек демалысына шығады. Бүгінде 3 баласынынан 6 немере 12 шөбере сүйіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған жан.

1928 жылдың 21 шілдесінде дүние есігін ашқан Анна Бражниковаға қала әкімі Ораз Тәуірбеков қарттар күнінде пәтердің сертификатын табыс етті. Айта кетейік, ақ жаулықты ана осыған дейін «Көмек» кризистік орталығын паналаған. Қарт әжейдің өтінішін ескерген қала басшысы игі істі жеке кәсіпкер, «Гарант» ЖШС басшысы Марат Битусуповтың қолдауымен жүзеге асырған.

Ал, жасы 101-ге жетіп отырған Данагүл Құрбанбаева – қаладағы ең ұзақ жасаған қария. Қарт әжей 1918 жылы 1 қаңтарда өмірге келген. Өзбекстандағы совхозда мақта жинап еңбек еткен ана Қазақстанға 2002 жылы қызының отбасымен көшіп келеді. Әженің бар арманы — ел ертеңінің жарқын болуы. Қарт әженің самайын ақ шалса да өткен күндер есінде жақсы сақталған. Бүгінде жүріп-тұруы қиындаған қария немере мен шөберенің қамқорлығында. Шаңырағына арнайы ат басын тіреген қала басшысы қарт әжейдің жағдайын сұрап, деніне саулық тіледі. Ғасырдан ұзақ жасап отырған Данагүл әженің ширақтығы, сөзге шешендігі адамды тәнті етеді. Әжені мерекесімен құттықтай келген меймандар жасын берсін деп ырымдап, ақ жаулықты ананың ақ батасын алып тарқасты.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх