Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

10.09.2019

Қалалық сотта фронт-кеңсе ашылды


Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сот саласына қатысты бірнеше жобаларды атап өткен болатын. Яғни, еліміздегі сот жүйесін жаңғырту мақсатында сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді айтқан болатын. Осыған орай, дүйсенбіде Балқаш қалалық соты мен мамандандырылған әкімшілік сотында сот жүйесінің ашықтық деңгейіне бағдарланған «Фронт-кеңсе» орталығы салтанатты түрде ашылды.

Ашылу салтанатына қала әкімі О.Тәуірбеков, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов, Балқаш қалалық сотының төрағасы Н.Сыздықов, Балқаш қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының  төрайымы Л.Сағымбекова,  Билер кеңесінің төрағасы Т.Жұманов, прокурорлар, кәсіби медиаторлар, адвокаттар және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сот жұмысының жаңа форматы халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сот жүйесінің ашықтығы деңгейін арттыруға бағытталған. «Фронт-кеңсе» орталығы - өңір халқының нақты сұраныстарына бағытталған. Мұнда кез келген азамат заң мәселелері бойынша кеңес беруден бастап сотқа талап-арыз беруге дейінгі қызметтердің толық спектрін ала алады.

Енді сот қызметіне жүгінгісі келген қала тұрғындары бөлімдер мен кабинеттерді аралап әуреленбейді. Себебі, бұл жерде азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалған.

Жаңадан ашылған фронт-кеңседе тұрғындар үшін ақпараттық орталығы, адвокат пен медиатор кабинеттері, азаматтық істерді қарауға арналған сот отырысы залы, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы, кіріс хат-хабарларды қабылдау кеңсесі, талап арыздарды қабылдау кеңсесі, мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсесі қызмет көрсететін болады. WI-FI өткізіліп, гаджеттерге арналған қуаттау қондырғылары орнатылған.

«Бұл жұмыстың басты мақсаты – сот қызметінің ашықтығы мен айқындығы, талап-арыздармен келген азаматтарды тиісінше қабылдау керек», - деді облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін облыстық соттың төрағасы Н.Шарипов бірден қала тұрғындарын қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Қала тұрғындары орталықтан заң тұрғысынан кеңес алып, мәселелері бойынша толықтай жүгінуге құқықтары бар. Фронт-кеңсенің тиімділігі халық үшін пайдасы зор болары сөзсіз.

Айта кетейік, фронт-кеңсе орталығы Қарағанды, Шахтинск, Абай қалаларында да ашылды. Жылдың соңына дейін басқа қалалардың сот орталықтарында да ашылатын болады.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх