Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

29.08.2019

Ата Заң – рухы биік Мәңгілік елдің тұғыры


Еліміздің бас құжаты болып саналатын Конституция күнін балқаш жұртшылығы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының саябағында салтанатты түрде атап өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Ораз Тәуірбеков, өңір активі және зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Шара барысында мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетіліп, Ата Заңымыздың айбары асқақтады.

Мемлкеттік Әнұран орындалған соң құттықтау сөзді қала әкімі Ораз Тәуірбеков алды.

-        Құрметті балқаштықтар! Сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылы 30 тамызда халқымыз жалпы халық референдумында дауыс беру арқылы еліміздің негізгі заңын қабылдап Қазақстанды зайырлы және біртұтас мемлкет деп жариялады. Конституция тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы. Әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Ата Заңымыздың арқасында елімізде ұлттар достығы, қоғамдық және рухани келісім саяси тұрақтылық, салтанат құрып отыр. Ұлы бабамыз Төле бидің «Заңын құрметтей білген, заңына бағына білген ел ғана озады, - деген сөзі бар. Кешегі тарихтан тамыр алған ертеңгі тарихқа тұғыр болған Ата Заңымыз салтанат құрып тұрғанда еліміз толағай табыстарға бөлене бермек. Отанымыздың табысты және серпінді дамуына балқаштықтар да лайықты өз үлестерін қосуда. Қаламыз дамып келеді. Мұнда жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ең бастысы қоғамда ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісім мығым орнығып отыр. Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр, - дей келе Ата Заң күнімен барлық қала тұрғындарын құттықтап, тәуелсіз қазақстанда ұлтаралық келісім және саяси ынтымағы жарасқан, татулығы бекіген, туыстығы орныққан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе көпшілікке сәттілік тіледі.

Одан соң, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 4 мамырдағы Жарлығына сәйкес көп балалы ана Роза Аблайды, Сандуғаш Утенованы, Бақыт Казиеваны Күміс алқамен марапаттады. Сонымен қатар, қаламыздың белсенді жастары, атап айтқанда Дайана Абдыгалимоваға, Темірлан Сүйіндіковке, Владислав Поворознюкке, Бекнар Жасымбековке өмірлеріндегі басты құжат – жеке бас куәліктерін салтанатты жағдайда табыс етті.

Одан әрі Балқаш қалалық Аналар кеңесінің төрағасы Шайзада Сыздықова Конституция мерекесі күні қарсаңында қаламызда шаңырақ көтерген жас жұбайлар – Эльдар Сайлаукенов пен Индира Сайлаукеноваға және Владислав Порхоменко мен Анастасия Кулешоваға неке қию туралы куәлігін табыстады. Ал, қаланың құрметті азаматы, денсаулық саласының ардагері Жеңіс Токашева мереке қарсаңында дүние есігін ашқан Ясмина, Кәусар, Осман, Жанерке атты сәбилердің тұңғыш құжаттары – туу туралы куәліктерін табыс ете отырып, жаңа туған сәбилі отбасыларына шын жүректен жылы лебіздерін білдіріп, әкімдік атынан құттықтау қағазы мен естелік сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты шара балқаштық өнерпаздардың мерекелік бағдарламасымен жалғасты. Мың бұралған бишілер би билесе, күміс көмей әншілер сахнаның көрігін қыздырды



Кері қайту

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх