Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

30.08.2019

7 сәби өмірге келді


30 тамыз – Конституцияның 24 жылдығында Балқаш қаласының перзентханасында 7 сәби дүние есігін ашты.  Оның 3-і – ұл, 4-і – қыз бала. Қала әкімі Ораз Тәуірбеков орталық ауруханаға арнайы барып перзентханада жатқан аналарды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

«Біз үшін ең бастысы, нәрестелер мен аналардың денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбиге аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспіз», -  деді Ораз Қайсайұлы.

Аналардың ішінде екінші, үшінші және төртінші баласын өмірге әкелсе, ал Гүлден Тоғайбекова, Әйгерім Жұмакерім және Айгүл Шашубай тұла бойы тұңғыштарының дәл осы күні өмірге келгеніне өте қуанышты.

«Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Көптен күткен қуанышқа кенелдік. Өйткені бұл сәбиді 5 жыл бойы күттік. Шынымды айтсам, босануымды осы күнге сәйкес келеді деп ойламадым. Мен үшін баланы аман-сау дүниеге әкелу маңызды болды. Есімі – Аңсар», - деді жас ана Гүлден Тоғайбекова.

Өздеріне көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін жаңа босанған аналарда өз кезектерінде ризашылықтарын білдірді.

Аналарды құттықтау рәсімінен кейін қала әкімі Ораз Тәуірбеков Орталық аурухананы аралап, жұмысымен танысты.



Кері қайту

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх