Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

28.08.2019

Аралады, бағдарлады, міндеттелді


28 тамыз күні қала әкімі Ораз Тәуірбеков тұрғындардан келіп түскен шағымдары бойынша қаланы аралады. Аралау барысында алдымен  Жамбыл көшесі, 27 үйде тұратын Төкен Дәрібаев ақсалдың мәселесімен танысты. Оның айтуынша, жер асты суы көтеріліп, аталмыш үй қыбырғалары дымқыл (сырость) тартып, үгітілуде. Бұл мәселе, тек 1 үйде ғана емес Жамбыл көшесі, 8 март көшесі, Абай көшесіндегі үйлерде де орын алуда. Айтып өтейік, аталмыш көшелерде дренаждың жоқтығынан мәселе шешілмей келеді. Жалпы Жұмысшылар кентінде дренаж тек Железнадорожный көшесінде ғана бар. Ал, Жамбыл көшесі мен 8 март көшесіндегі жер астындағы құбыр былтыр Сванқұлов атындағы 32 орамға тейін тазаланып, нәтижесінде мәселенің оң шешімі табылмады. 5-6 жыл бойы күрмеуі шешілмей келе жатқан  мәселенің шешімі тек «жаңадан барлығын жүргізу» - дейді мамандар. Қала әкімі бұл мәселені зерттеп қайта талдау жүргізу қажеттілігін айта, «Балқаш Су» КМК-ға нивелирлеуші маманмен бірлесе тексеруді тапсырды. Аталмыш мәселе бойынша талдау жүргізуге 10 күн мерзім берілді.   

Мұнан әрі шаһар басшысы Қоңырат ықшамауданындағы Русаков көшесі 8 үйдегі жертөледегі кабель, тұрғын үйдің құжаттары, Русаков көшесіне жылдамдық бәсеңдеткіш орнату және жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселелері бойынша барды. Аталған мәселелер қолға алынып, шешімін тапты десе де болады. Тұрғындармен кездескен қала әкімі одан бөлек тұрғындардың басқа да сауалдарын тыңдап, тұщымды жауап берді. Туындаған мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырма берді.

Қала әкімі 64 орамдағы Уәлиханов көшесінің бойында тұратын үйлердің тұрғындарының да өтінішін қараусыз қалдырмады. Ондағы мәселе – орталық жылу жүйесін тарту, жол бойына асфальт төсеу мен жолға жылдамдық бәсеңдеткішін орнату. Қала әкімі тұрғындар сауалдарына яғни, орталық жылу жүйесін тарту мәселесі жақын арада шешілмейтінін айтты. Сонымен қатар, жол мәселесі  бойынша арнайы жоспар әзірлену қажеттілігін алға тарта, халық қалаулыларына ұсынысты жеткізетінін тілге етті. Бұл әрине уақыт еншісінде. Ал, жолға жылдамдық бәсеңдеткішін орнату және жаяу жүргіншілерге арналған жол салу жауаптыларға міндеттелді



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх