Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

28.08.2019

Тестілеу орталығы ашылды


27 тамыз күні қаламызда мемлекеттік қызметшілерді тестілеу орталығы ашылды. Бұл – облыс орталығынан бөлек, өзге қалалар мен аудандар арасында халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында ашылған алғашқы нысан. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ораз Тәуірбеков, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова қатысты.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттырудың маңызды тетігі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 3-бабында мемлекеттік қызмет тұлғаның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және материалдық жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де жағдайларға қарамастан тең дәрежеде ұсынылуы тиіс деп жазылған. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлт жоспарында да мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілерге қолайлы жағдай жасау мәселелері кең қамтылған.

Шаһар басшысы тестілеу орталығының ашылуы маңызды шара екендігін алға тартты.

– Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, іскерлікті, терең білімді талап етеді. Тестілеу орталығының ашылуы біздің қаламыздың мемлекеттік қызметке үміткерлерге ғана емес, Приозерск қаласы мен Ақтоғай ауданының мемлекеттік қызметке үміткерлеріне де жағымды жаңалық болды, – деді Ораз Тәуірбеков. Яғни, тестілеуге қатысушыларға уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Ал, департамент басшысы тестілеу орталығын ашуға қаржылай қолдау көрсеткен жергілікті билік өкілдеріне алғыс білдіріп, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Басшының айтуынша, жыл басынан бері балқаштық 255 адам тестілеу сынағынан өту үшін Қарағандыға сапар шеккен. Енді, мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті азаматтар шаһардан шақпай-ақ білімін сынай алады. 

Жаңа орталық заманауи үлгідегі техникамен, орталықтандырылған компьютерлермен жабдықталған. Алдын ала әзірлікті пысықтау үшін ақылы негіздегі тестілеуден өтуге де мүмкіндік бар.   

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

19°
В Балхаше: малооблачно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 386.71
Euro 429.17
Рубль 6.02

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх