Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

08.08.2019

Балалар алаңы ашылды


«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында тамыздың 8 күні «Үлкен Жүрек» дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығы жанынан ерекше балаларға арналған ойын алаңы ашылды.

Қаланы айтпағанда, Қарағанды облысы көлемінде мүмкіндігі шектеулі балаларға лайықталған алғашқы жаңа алаңның ашылуына демеуші болған – «Қоңырат» корпоративті қоры. Салтанатты шарада қала әкімі Ораз Тәуірбеков:

- Бала – біздің болашағымыз. Оларға жағдай жасау – мемлекетіміздің негізгі әлеуметтік басымдығы. Ерекше балаларға арналған бұл ойын алаңы балалардың тұлға ретінде дамуына, ортаға бейімделуіне септігін тигізері анық. Бұл «Рухани жаңғыру» жобасы аясында қаламызда іске асырылып отырған төртінші ірі жоба екенін айтқым келеді. Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Алаңның ашылуы құтты болсын., - деп ақ тілегін жеткізді.

Сан түрлі кешендермен жабдықталған ойын алаңы 1 мен 12 жастағы ерекше балалардың ойлау жүйесіне оң әсер етіп, толеранттық қарым-қатынас орнатуға өз жәрдемін бермек. Сондай-ақ, ата-аналарға ерекше күтімді қажет ететін балаларын тәрбиелеуге де үлкен жеңілдік болары хақ. Енді олар түрлі ойындар ойнап, спортқа да қызығушылықтарын дамыта алады. Шара барысында осындай тамаша мүмкіндік жасаған «Қоңырат» корпоративті қорының президенті Николас Ширли мен «Сары Қазына» ЖШС бас директоры Павел Семенченко сөз алып, ыстық лебіздерін білдірді. Демеушілердің сөзінше, бұл жай ғана ойын алаңы емес. Құны 10 млн.теңгеге жуық құрылғының әрбір тетігі балалардың ойнауына ыңғайлы етіп Ресейдің Санкт-Петербург қаласында арнайы тапсырыспен жасалған. Енді балқаштық ерекше балалар да қатардағы жеткіншектер секілді ойнап қана қоймай, жаттығып, үйреніп, өздерін дамыта алады.

Өз кезегінде сөз алған «Үлкен Жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Людмила Денисова атымтай жомарт азаматтарға ризашылығын білдіріп, Алғысхаттар табыстады. Ата-аналар атынан Рабиға Мұхамеди сөз сөйлеп, балаларға осындай қуаныш сыйлаған жандарға рақмет айтты. Бұдан соң, қала әкімі Ораз Тәуірбеков пен «Қоңырат» корпоративті қорының президенті Николас Ширли лентаны қиып, ерекше балаларға арналған жаңа ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімін жасады.

Бұл «Қоңырат» корпоративті қорының «Үлкен Жүрек» дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығына жасап жатқан алғашқы жақсылығы емес. Осы көктемде аталған қор орталыққа Ленин көшесі, 78 үйде  аумағы  253 шаршы  метр  болатын  жаңа ғимаратты өз қаражаттарына күрделі жөндеуден өткізіп, сыйға тартқан болатын. Демеушілер алдағы уақытта да оңалту орталығымен тығыз қарым-қатынасты  жалғастырып,  қолдан  к елген  көмектен  аянбайтындарын  айтты.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх