Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

06.08.2019

Ерекше жандарға ілтипат


Қоғамдағы ерекше жандардың басын бір арнаға тоғыстырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп отырған мекеменің мерейтойы  6 тамыз  күні қаламыздағы Өнер мектебінде аталып өтті.

Салтанатты жиын басталмас бұрын Өнер мектебінің түлекте­рі мен оқушылары З.Акаева, Б.Оспанов, А.Шайхов, А.Егорова қонақтарды музыкалық шы­ғар­малармен қарсы алды. Бұдан соң, мінберге қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Клара Жақыпбаева көтеріліп, 20 жылдық тарихы бар мекеменің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, баян­да­ма оқыды.

Клара Жақыпбаева көмек көрсетіп, жомарттық та­ны­­тудан танбай келе жатқан бір топ демеушіге Алғысхат табыстады.

Бұлардың қатарында биыл ғана мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы мүгедек арбаларын сыйлаған «Қоңырат» корпоративті қорының президенті Николас Ширли, мерейтойға орай барлық құрал-жабдықтарымен 5 жаңа компью­тер сыйға тартқан «Сары Қазына» ЖШС бас директоры Павел Семенченко, «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің одағы» заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің атқарушы директоры Александр Аларин, «Қазэнергоцентр» ЖШС директоры Айжан Кашимбекова, жеке кәсіпкер Бауыржан Күлмұ­ха­медов бар.

Марапаттан соң, құттықтау сөз кезегі Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбековке бері­ліп, шаһар басшысы ақ тілегі мен жүрекжарды лебізін білдірді.

Мүгедектер қоғамы жұмы­сы­ның алға басуы, әрине, бір­лестік мүшелеріне де тікелей бай­ланысты. Осы ретте, мүм­кін­дігі шектеулі болса да бар ерік-жі­герін жұмсап, түрлі іс-ша­ра­ларда белсенділік танытып жүр­ген бір топ мүгедектер қо­ғамы­ның мүшелеріне Алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Қуанышқа ортақтасып, ме­рей­тоймен құттықтауға келген «Қазақ соқырлар қоғамының Балқаш оқу-өндірістік кәсіпорыны» ЖШС төрағасы Қуатбек Баймұратов, «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамының» мүшесі Қарлығаш Жұматаева, «Жанашыр» ҚБ-нің төрағасы Дәкен Терлікбаева, С.Сейфуллин ат­ын­­­­­да­ғы орталықтандырылған кі­тапханалар жүйесінің директоры Лидия Власова, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының Балқаш қаласындағы аумақтық өкілеттілік бө­лі­мінің жетекшісі Шолпан Қалықбекова өз тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады.

Салтанатты шара барысында мәдени-сауық орталығының өн­ер­паздары «Хан» триосы, талант­ты орындаушы Марина Қабышева әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



Кері қайту

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх