Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

10.08.2019

ЖҰМБАҚ СЫРЛАРҒА ТОЛЫ ӘЛЕМ


Тамыз айының 10 күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ақ отау» залында есімі әлемге әйгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, бейнелеу өнерінің докторы, Өнер Евроодағының лауреаты, қоғам қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығы кураторлар кеңесінің төрайымы, жерлесіміз Лейля Болатқызы Махаттың жеке шығармашылық көрмесі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеге суретшінің сырға толы сұлулық пен табиғаттың айбынын бейнелейтін ең танымал 41 туындысы қойылды.

Көрменің ашылу салтанатына суретшінің жұбайы, Қазақстанның Австрия мен Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай, алыс-жақын шет елдерден келген отбасылық жақын достары – белгілі саяхатшы, Оңтүстік полюсті бағындырушы, «Екі доңғалақты көшпенді» кітабының авторы Мағжан Сагимбаев, ФРГ-дағы Қазақстанның көп жылғы Құрметті Консулы Доротея Халлер-Лайбле ханым және жұбайы Юрген Лайбле, Австрия-Қазақстан Қоғамының Вице-Президенті, ОБСЕ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы Президенті Кристине Муттонен ханым және жұбайы Пекка Муттонен, Штутгарт өңірінің Сауда-өнеркәсіп Палатасының бұрынғы Атқарушы директоры Андреас Рихтер мырза және зайыбы Эдит ханым, Австриядан туризмді дамыту жөніндегі Халықаралық сарапшы Фердинанд Позник мырза және зайыбы Розита ханым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов мырза қатысты.

Лейля Болатқызының жеке көрмесінің ашылуымен қала әкімі Ораз Таурбеков, қалалық маслихаттың хатшысы Қадыржан Тейлянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов, ОБСЕ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы Президенті Кристине Муттонен ханым құттықтап, атағынан ат үркетін жерлес суретшінің шығармашылық табыстары, өнер туындыларындағы басты ерекшеліктері туралы пікір білдіре, ой толғады.

Жеке көрмесінің ашылуына келіп, әр жылдары салынған картиналарын тамашалаған қала басшылары мен тұрғындарына, арнайы келген шетелдік қонақтарға үлкен қолдау көрсеткені үшін Лейля Болатқызы ризашылығын білдіріп, Балқаш көлі бейнеленген туындысын қалалық тарихи-өлкетану музейіне сыйлады.

 

 

Лейля Болатқызы 1970 жылы 1 мамырда Балқаш қаласында дүниеге келген. Бала кезінде отбасымен бірге сол кездегі еліміздің бас қаласы – Алматыға көшіп кетсе де, оның барлық шабытты шақтары туған қаласы Балқашта өткен. Өзінің бір сөзінде Лейля Болатқызы «Менің өнерге деген шабытымды әкем Болат Байтұяқұлы оятты» – деп айтқан екен. Көкше көлдің жағасында өскен Лейляның сұлулыққа деген махаббаты туған жердің табиғатынан бастау алды деуге болады.

Л.Махат Алматы театр-көркемсурет институтының түлегі. И.Е.Репин атындағы Ленинград Мемлекеттік көркемсурет, мүсін және сәулет академиялық институтын, Берлин қаласы муниципалитетінің Музей Академиясын, Берлин Бостандық университетін бітірген. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Лейля Болатқызының жеке көрмелері Қазақстан, Түркия, Ресей, Италия, АҚШ, Жапония, Үндістан, Қытай, Германия, Молдова, Бельгия, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Ұлыбритания, Сингапур, Бангладеш, Австрия, Словения, Лихтенштейн сияқты әлемнің көптеген елдіренді өтті.

Суретшінің алған марапаттары да аз емес. Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Франц Кафки атындағы медальмен марапатталған. Азия-Тынық мұхит суретшілер бірлестігінің диплом иегері. Халықаралық Парламенттік Ассамблеяның «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапатымен қоса, Прагадағы Көркемсурет Өнер Академиясының құрметті мүшесі атағы бар. Лейля Болатқызы – Еуропа Өнер Одағының лауреаты.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх