Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

06.08.2019

Кадр тапшылығы – өзекті мәселе


6 тамыз күні қала әкімі Ораз ТӘУІРБЕКОВТЫҢ төрағалығымен аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және қалалық жолаушылар тасымалдау кәсіпорындарының директорлары қатысты.

Күн тәртібінде кадрларды қамтамасыз ету жолындағы 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының іске асырылуы және қалаішілік автобус маршруттарының жұмысы туралы мәселелер қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Балқаш аймақтық өкілдігінің басшысы Шолпан Қалықбекова баяндама жасады.

Басшының айтуынша,  қазіргі таңда Балқаш қаласында 731 медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Ол дегеніміз 187 дәрігер, 544 орта медициналық қызметкер. Ағымдағы жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша қалалық медициналық орталықтар 23 кадрмен қамтамасыз етілді. Облыс бойынша орташа көрсеткіш 32,4. Ал, дәрігерлермен қамтамасыз ету жұмысы 4,2 пайызға төмендеген.

2016-2018 жылдар аралығында қаламызға 90 маман қабылданған. Жыл сайын 20-ға тарта дәрігерлер жұмысқа тартылуда. Өткен жылы 26 маман қабылданып, оның 16 жас маман. Сонымен, 2019 жылдың 1 тамызында 14  медициналық қызмет мен 23 арнайы маманның қажеттілігі туындап отыр. Қаламыздағы кадр мәселесі ақсап тұрған мекеме ол біріншіден, орталық аурухана. Онда акушер-гинеколог, анестезиолог секілді мамандар тапшы. Медициналық кадрлардың жетіспеушілігінің бірден-бір себебі, дәрігерлердің тұрақтамауы, жылына қаламыздан 15-20 маман қоныс аударуда. Олардың біразы отбасылық жағдайына байланысты басқа қалаға кетсе, 27 медицина қызметкері зейнеткерлікке шыққан жергілікті мамандар.

Жыл сайын медициналық ұйым басшылары әр қалада болатын бос орын жәрмеңкесіне қатысып медициналық қызметкерлерді жұмысқа тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Олар Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларын аралап,  медициналық университет бітірушілерімен арнайы кездесу ұймымдастырады және өңіріміздегі медициналық қызметтің жай-жапсарымен таныстырады. Негізінен, облыстық бюджеттен  мамандарды оқытуға қаржы бөлініп тұрады, биылғы жылы облыстық бюджеттен қосымша 5 маманды оқытуға  16 млн теңге қаражат бөлінген.  Сонымен қатар, дәрігерлерді жұмысқа тарту мақсатында мамандарға медициналық ұйым бюджетінен 350 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген болса, 2019 жылдан бастап орталық аурухана көтерме жәрдемақы соммасын 1 млн теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұған дейін, көтерме жәрдемақыдан бөлек мамандарға жалдамалы пәтер берілген болатын. Мәселен, 2017 жылы Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын-үйдің бір подьезді күрделі жөндеуден өткізіліп, 18 пәтер медицина қызметкерлеріне берілген. 2018 жылы медициналық колледж жатақханасының бір қабаты медицина қызметкерлеріне орайластыра жасалып, мамандар баспанамен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы баспана мәселесі әлі шешімін таппай отыр және алдағы уақытта Шашубай кентіндегі көпқабатты үйді қайта жөндеуден өткізіп, қолданысқа беру жұмыстары қарастырылуда.

Бұдан әрі, қалаішілік автобус маршруттарының жұмысы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Болат Асылбеков ақпараттандырды. Қала жолаушыларын тасымалдау қызметі «Орталық Транссервис» ЖШС, «Тұлпар» ЖШС, «Қысанов» ЖК кәсіпорындары арқылы жүзеге асырылуда. «Орталық Транссервис» ЖШС -21 автобус, «Тұлпар» ЖШС – 15 автобус, «Қысанов» ЖК-8 автобус жұмыс жасайды. Маршруттары да қала тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлылығына орайластыра жасалған. Жолаушылар тасымалдау қызметінің жай-жапсарын мұқият тыңдай келе,  қала әкімі Ораз Тәуірбеков автобус маршруттарын қайта қарауды және аялдамадардың жағдайы сын көтермейтіндігін алға тарта отырып, нақты тапсырмаларды берді. Жолаушыларды тасымалдау көлігінің халықтың сұранысына сай болуын қатаң бақылауға алу керектігін қадап айтты. 



Кері қайту

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх